Ресейді кім басқарып отыр немесе сахнадағы қос дирижер

Осы жақында аялдамада доңғалағы жарылғыр № 2 автобусты (Аттанадағы мен тұратын Оңтүстік-шығысына баратын жалғыз аттауыз, үйге жеткенше сұлу-сұлу аттаншалармен әңгімелесіп мәз боп қаламын) күтіп тұрсам біреулер Ресейді кім басқарып отыр деп ойлайсың…? Бізге де бір Путин керек секілді…»  деп саясат сағызын шайна-а-ап тұр.

Түрлеріне қарасам, саясатқа еш қатысы жоқ жандарға (онысын партия «Единственная Россия» дегенінен-ақ түсіндім, мен білетін «Единная Россия» партиясы ғана) ұқсайды. Ақыры, жақындап барып сөзге тартайын деп жақындай беріп едім, бекерде жоғалып кететін автобусым келе қалғаны. «Осыларға саясат не керек», – деген оймен аттауыздың ішіне сүңгіп бердім.

Өткенде КВН-нің 49 жылдық мерейтойына қатысып жатқан ойыншыларымыздың бірі (екеуі Медведов пен Назарбаев болып концерт тамашалап отыр) ресейлік КВН-чиктердің бірінен: «Сендерде неге екі дирижер? Бізде біреу ғана…» деп қағытып жатқанын көргенім бар еді. Онысы Ресейдегі екі «қошқарды»  нұсқағаны ғой.

Расымен де, осы Ресейді кім билеп отыр? Путин бе әлде Медведов па? Меніңше Ресейді Дмитимир Медвутин (суретте) басқарып отыр.

тақырыпқа тұздық:

Жазда Ресейге ресми сапармен барған Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Медветовтың қабылдауында болғаны белгілі. Бір қызығы, ресей басшысы таңертең жұмысқа бір сағаттай кешігіп келіпті. Назарбаев таңғы сегізден тоғызға дейін күтіп отырған ғой. Қабылдау барысында бір жағынан жасының үлкендігі бар, екіншіден бір елдің президенті, сөз арасында қығытып айтып өтпей ме. «Жұмыстан үнемі кешігіп жүресің бе» деп. Сөйтсе, Дмитрий: » Ереже бойынша Путин жұмысқа менен ерте шығады. Оның кортежі өтетін жолдың бәрі жабық болады» деген екен…

Advertisements

4 responses to “Ресейді кім басқарып отыр немесе сахнадағы қос дирижер

  1. ..Путинге интервьюде Ларри Кинг: -Бірінші ханымның жағдайы қалай деп сұрақ қойғанда, Путин: «Бізде Бірінші ханым деп президенттің жұбайын айтады, жақсы болар…» деп жымияды.
    Не деген тапқырлық дейтіндей…
    Меніңше, екеуі бірігіп үлкен державаны дұрыс ұстап отыр, кімнің басқарғаны маңызды емес сияқты.Немесе, басқарып тұрған достық болар…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s