Қазақта порно бар ма еді?

Қазақтар порно түсіріпті! Осыдан жарты жыл бұрын бұл жаңалықты естігенде қапелімде аузыма сөз де түспей қалған еді. Тек, өзіме-өзім «не болып барамыз, өзі?» деп сауал қойып қана шектелдім. Иа, не болып барамыз, өзі? Батыстың былапыт биті қазақтың да балағына еніп, басына өрмелей бастады. Басқасы жетпегендей, порно да түсіріп үлгердік. Оны түсірген кәдімгі қазақтың қаракөздері.

Есіген құлақта жазық жоқ, фильмде Айда есімді бір қазақ қызы екі жігітпен (олар да қазақ)  ашық жыныстық қатынасқа түседі. Қалтафонның камерасына түсірілген бас аяғы 7-8 минут көлеміндегі арсыз-бейнефильм бүгінде брендке айналып үлгерген. Қара базарда 1500-2000 теңгеден саудаланып жатқан көрінеді.  Бұған не деуге болады? Жеке ел болып, тәуелсіздік алғандағы көреміз дегеніміз осы ма еді?

Кеше телеарналардан «Болашақ» жастар қозғалысының өкілдері «Қазақ порносына жол жоқ!» деген ұранмен шара ұйымдастырғанын көрсетті. Жастар көшеге шығып заңсыз түрде көшіріліп басылып, таратылып жатқан арсыз фильмнің таралуына қарсы болуға шақырып отыр. Бұл акция жастардың шарасыздықтан шырылдаған жан-дауысы болса керек. Ең өкініштісі, БАҚ өкілдерінің аузын бағып, жазбасын тіміскілеуден алдына жан салмайтын құқық қорғау орындары еш амал жасаған жоқ. Шетелдік бір келісмектің «шамына тидің» деп өз туғанын түтіп жеуден тайынбайтын шенеуніктер күллі ұллтың намысын таптап бетіне шіркеу келтіріп жатқан оқиғаға неге үнсіз отыр. Бейнедегі арсыз екі төбет пен адамдық қасиеттен жұрдай қ..қ қызды неге жауапқа тартпайды? Иә, бұл қазақтың бетіне түскен шіркеу болып отыр. Батысқа бетімізді бұрып еліктегеннен тапқанымыз осы секілді.

Тақырыпқа тұздық:

Осыдан он бес жыл бұрын америкалық 43 жастағы мультимиллионер әйел  Сандес  Бернардес өзінің 17 жасар ұлы  Эмилиоға тұрмысқа шықты. АҚШ-та бұндай азғындыққа «өз баласына тұрмысқа шығуға» рұқсат беретін заң болмағандықтан  олар некесін Тайландқа барып қидырады.  Иа, ол сорлы: «Мен осыған дейін екі рет тұрмысқа шықтым, екеуі де жүрек ауруынан қайтыс болды. Оларды шын жүректен сүйгенім рас, бірақ Эмилиоға  деген махаббатым ерекше, оның үстіне ол менің ұлым, әрі  сүйікті жарым, мұндай ерекше сезімді елестету мүмкін емес» деп күллі әлемге жар салған ғой.  Көбіміздің аузымыздың суы құрып жүрген гендерлік деген саясаттың түрі осындай…

Advertisements

7 responses to “Қазақта порно бар ма еді?

  1. ой, атаңанәлеттер ай…

    qisyq айтқандай «суретің сұмдық екен» егер қолыңнан келіп жатса ауыстыра салшы сол суретті. алдын ала рахмет….

  2. Аса құрметті оқырмандарымның өтініші бойынша жазбадағы жабайы суретті ауыстырып қойдым. Рахмет!!!

  3. Соткамен түсірген қазақ порнолары инетте көпғой, біррет талпа жігіт, бір қызды нетіп, соткаға түсірілген нұсқасын инеттен көріп едім, бәрі қазақша сөйлейді, аулда түсірілгені көрініп тұр, қазір түсіредіде инетке жүктеп жіберуді көпшілігі біледіғо…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s