Алаш туы астында…

Еліміздің Тәуелсіздігі баянды, кемеліне келген ел екені рас болса Астанада елдігіміздің символы – Бәйтеректен кейінгі орында Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш арыстарының ескерткіші тұруы тиіс. Бұл бүгін Астанада Еуразия ұлттық университеті қабырғасында өткен «Алаш туы астында…: Алаш. Желтоқсан. Тәуелсіздік» атты мерекелік кеште айтылған ойдың бір үзігі.

13 желтоқсан күллі қазақ жұрты үшін киелі сан. Дәл сол күні, нақтырақ айтар болсақ, осыдан 93 жыл бұрын өмірге Алаш атты қозғалыс пайда болды: Алашорда ұлттық үкімет құрылды. Сол жылдың шілде-тамыз айларының өліара уақытында өмірге келген Алаш партиясы тұңғыш қазақ зиялыларының басын қосып, жалпы қазақ құрылтайын өткізді. Діни басқарма мемлекеттік құрылымнан тыс мекеме деп танылды. Өзінің идеясын бекітіп, жеке ел болуға қадам басты.

Осынау датаға және Тәуелсіздігіміздің 19 жылдығына арналып отырған шараның өтуіне «Аманат» интеллектуалды пікір-сайыс клубы мұрындық болған. Мәдени кешті ақын, Алаш сыйлығының иегері Серік Тұрғынбеков ашты. «Алаш арыстары осы азаттығымыз жолында жанын берді. Біз қазір алаш арыстары арманының арнасында өмір сүріп жатырмыз. Астананы Есілдің бойы, Ақмола жерінде болса деген ойды алғаш солар – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұсынов, Міржақып Дулатов арман еткен. Кейіннен Сәкен Сейфуллин Қазақ елінің Астанасы туралы талас-тартыста осы жерді көздегені белгілі. Одан кейін осы пікірді Кеңес кезінде Қаныш Сәтбаев жалғастырды. Астанаға лайық бірден-бір мекен Ақмола облысы деп ойып тұрып айтып кеткен», – дейді ақын ағамыз.

Иә ақын ағамыз айтса айтқандай, қаймана қазақтың бауырына бодандық қамыты батып, еңсесі езілгенде «Алаш» деген ұранды ту етіп зиялы топ бой көтерді. Бүтін елдің өгейлік саясатын ұстанған империяның құрсауында қалып, жұтылып кетуіне қарсы тұрды. Тар қапастан шығару жолы ендігі кезекте қолға қару алумен емес, қалам ұстап мәдениет жолын қуу екенін ұққан алашордашылар ғылым мен білім арқылы рухани тәуелсіздіктің ұрғыны себуге ұмтылып бақтты. Ұлтын ұлыққа айналдыруды мақсұт тұтқан Алаш арыстары Жапония үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құруға ұмтылды. Өйткені, сол кезде Жапония ғылымға және салт дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық демократиялық жолды таңдаған бірден-бір мемлекет еді. Олардың бұндай арманының сыры  осында жатса керек.

Дәл осы тұста Алаш арыстарының арманын ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың:

«Арыстандай, айбатты,

жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты –

Мен жастарға сенемін!», – деген рухани қолдау жалыны іліп алып бара жатты. Бәлкім, Алашорда ұлттық үкіметі алғаш құрылған күнінен бастап, күні бүгінге дейін өмір сүргенде Қазақ елі Жапония секілді алып мемлекеттің өзін шаң қаптырып кетер ме еді кім білсін? Өкінішке орай біздерге ондай бақ дәл сол уақытта бұйырмады. Тек араға 74 жыл салып барып қана бұл арманымыз ақиқатқа айналды. Көптен күткен Тәуелсіздіктің көкжиегі көрінді.

Мағжанның жастарға үміт артуы теген емес екен.   1986 жылғы ұлт азаттық көтерілісінде ақын сенген жастар «арыстандай айбаттанып» қызыл империя саясатына қарсы тұрды. Басынан башпайына дейін құрсауланған советтік жазалау тобына «Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді Алашты ешкімнің,

Қорлығына бермейміз!» деп қарсы тұрды. Осындай ұлттық рухтың арқасында араға небары бес жыл салып барып, Қазақ елі өз тәуелсіздігін алды.  Аты шығып, әлемге мәшһүр болды.

Иә, Алаш идеясы ешқашан өшпек емес. Олар елім деп еміренді, жерім деп күңіренді. Алаш қайраткерлерінің тек жер туралы бағдарламасының өзі 70-80 беттен асатын еді. Өйткені жердің тұтастығы – жеке адамның ғана емес, үрім-бұтағының, ата-бабасының қала берді тәуелсіздіктің тірегі. Алаш арыстары осыны іштей сезіп, адам күтпеген амалдарға барды. 1905 жылғы М.Тынышбаев пен Х.Досмұхамедовтер «Ақмоланы астана жасаймыз» деген идея көтерді. Алайда солар құрған жоспарлар мен армандардың көбі сол күйінде орындалмай тұр. Басты арманы – Жапония секілді алып елге айналу еді… Өкінштісі, көбісі «Жапон тыңшысы» деген желеумен атылып кетті. Бірақ олар құрған идея өлген жоқ.

Тәубә! Осындай еліміздің барына тәубә! Тек, биліктегі шенеділердің осындай ұлық күннің қадір-қасиетіне бармайтыны өкінішті. Алаштың асқақ рухы алдығы жылда да жасыл шыршаның тасасында жасырынып қалмаса болғаны.

Advertisements

One response to “Алаш туы астында…

  1. «Хан баласында қазақтың хақысы бар»- деген Әлихандардың потриоттығы қандай ә… Сондай буын қазақта енді қайтып тумас сірә…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s