Әшімовтың бастамасын Мәсімов «тұншықтырып» тастады

Қоян жылымен бірге жарыса кірген есеп беру отырысы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне келіп жетті. Ведомоства басшысы Нұрғали Әшімовтың есебін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың өзі барып, тыңдап қайтты. Бұл жерде, әрине, «бұнда тұрған не бар, елдің бәрі есеп беріп жатыр? Аттандап не көрінді?» дейтіндер де табылар. Бірақ, мені қызықтырғаны басқа дүние. Бекерде мемлекеттік тілге ашықтан-ашық түкіре салатын министрлік өкілдері бір жылдық есебі мен алда тұрған мақсат-міндеттерін министр Премьер-министрге бастан-аяқ мемлекеттік тілде жеткізуді жөн көріпті. Мұртты Премьерді қоспағанда тек екі баяндамашы ғана ресми тілде ой қорытты. Оның өзі қазақ ұлтынан емес. Бірі – Парламент Мәжілісінің депутаты Валерий Котович, ал екіншісі – Экофорумның төрайымы Светлана Могилюк. Оқуды жалғастыру

Advertisements

БҮГІН ТАҢЕРТЕҢ СМАҒҰЛ САДУАҚАСОВТЫҢ МӘЙIТ-КҮЛI ЕЛГЕ ӘКЕЛІНДІ

Бүгін таңертең бар ғұмырын қазақтың азаттығы мен теңдігіне арнаған алып тұлға – Алаштың аяулы ұлы Смағұл Сәдуақасовтың сүйегінің күлі туған топырағына әкелінді. Астана әуежайында Алаштың ардақты ұлының сүйегін бір топ алаш зиялылары мен БАҚ өкілдері, депутаттар қарсы алды. Оқуды жалғастыру

Ертең Эль-Кувейт қаласында Азияда алауы жағылады

Ертең Азия Олимпиадалық Кеңесінің штаб-пәтері орналасқан Эль-Кувейт қаласындағы «Кувейт-Тауерс»  мұнарасының алдындағы алаңда Азияда алауы жағылады. Ол 12 қаңтар күні Алматы қаласына жеткізіледі. Алауды қарсы алу салтанатты рәсімінен соң Эстафета Оңтүстік астана көшелерімен жүріп өтіп, 20 күн ішінде Қазақстанның барлық аймақтарын аралап шығады. 30 қаңтар күні Астана көшелерімен өтіп, жаңа «Астана-арена» стадионында Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде мәресіне жетеді. Оқуды жалғастыру

«Ақырзаман – 2012» дақпыртының артында шындық тұрған жоқ па?

Адамзат баласын мең-зең қылған  «Ақырзаман – 2012» туралы дақпырт қайтадан бас көтерді. Соңғы жылдары күн бетіндегі жарылыстардың салдарынан туындап отырған магнитті дауылдар күшейіп келеді. Рас болса, 2012 жылы жер ғаламшары осы магнитті дауылдардан зардап шегетін көрінеді. Жақында Утро.ру сайты астрономдардың «күн тәжінен бөлінген дауылдардың кесірінен жер бетіндегі күллі ақпараттық жүйе істен шығуы мүмкін. Бұл өркениет атаулыға үлкен соққы болады» деген дабылын жариялап жіберді. Оқуды жалғастыру