«Ақырзаман – 2012» дақпыртының артында шындық тұрған жоқ па?

Адамзат баласын мең-зең қылған  «Ақырзаман – 2012» туралы дақпырт қайтадан бас көтерді. Соңғы жылдары күн бетіндегі жарылыстардың салдарынан туындап отырған магнитті дауылдар күшейіп келеді. Рас болса, 2012 жылы жер ғаламшары осы магнитті дауылдардан зардап шегетін көрінеді. Жақында Утро.ру сайты астрономдардың «күн тәжінен бөлінген дауылдардың кесірінен жер бетіндегі күллі ақпараттық жүйе істен шығуы мүмкін. Бұл өркениет атаулыға үлкен соққы болады» деген дабылын жариялап жіберді.

Магнитті дауылдар шабуылы 2012 жылы Лондон қаласында өтетін жазғы Олимпиадамен тұспа-тұс келетін секілді. Осының салдарынан күллі компьютерлік жүйеге зиян келіп, спутниктер біраз уақытқа хабар тарата алмай қалмақ. Осылайша адамзат баласы олимпиада ойындарының тікелей көрсетілімін көре алмай қалуы бек мүмкін.

Бұл дақпыртқа сенуге де болатын секілді. Кейбір ғалымдар дәл осы 2012 жылдың қыс мезгілінде магнитті дауылдар салдарынан ғаламшарымыз түгелге жуық поляр шұғыласына оранады деп отыр. Дегенмен, жер бетінің көп бөлігі магнитті дауылдар шабуылына қарсы жүйемен жабдықталғанын да естен шығармаумыз қажет. Ал, бұндай жүйе орнатыла қоймаған жердің оңтүстік және солтүстік полюсі халқы бірнеше апта бойы ғасыр ғажайыбына куә болмақ. Алайда бұндай ғажайыптан алған әсерлерін ол бауырларымыз жердің басқа нүктесіндегі туысқандарымен бөлісе алмайды. Өйткені сол дәл сол уақытта жердің оңтүстік және солтүстік полюсінде бірнеше апта бойы интернет торабы мен спутникті байланыс жүйесі істен шығады…

Advertisements

20 responses to “«Ақырзаман – 2012» дақпыртының артында шындық тұрған жоқ па?

  1. «Қайталап сол туралы айта берсе, сол туралы нақты елестетсе, барлығы соны күтіп үрейлену мен қоса қызығушылық танытса- міндетті түрде болады…»

  2. Мен басқасын білмеймін, сол 2012 жылдан Мәшһүр-Жүсіп Көпеев бабамыз болжап кеткен «бозторғай заманды» күтіп жүрмін.

  3. Қорықпаңыздар! Оны да айналып өтеміз. 🙂
    Мая тайпасының күнтізбесінің ақыры 2012 жылдан 2020 жылға дейін созылуы әбден мүмкін.

  4. Есіңізде ме, баяғыда 2000 жылы ақыр заман болады деуші еді ғой. Бірақ, әлі жер басып жүрміз. )) Басымызға жазғанды көремізде. Біз- пақырлардың қолында не бар дейсің, қуыс көкіректен басқа.

  5. дегенмен, ақырзаманды «көрген де арманда, көрмеген де арманда» деген оптимистік ойдың құшағында жүрмін мен. яғни, Жер атты алып кеменің күйрейтін күнін көру, адамзат цивилизациясы ойындарының салтанатты жабылу рәсімін көру («бақыты» демей-ақ қояйын) мүмкіндігі, әркімге бұйыра бермес.

  6. Ауызға айту оңай ғой, сол күн туғанда көрер едік, шын мәнісінде Аллах алдына қайта қайтқанда? Аллах барша мұсылман қауымына жәннәтті нәсіп етсін!

  7. Әссәләмууағалейкум бауырлар. Сіздерге айтарым, Ақырзаманның болатынын, болмайтынын он сегіз мың ғаламды жаратушы АЛЛА ТАҒАЛАға ғана аян. Пайғамбарымыздан с.ғ.с. сақабалар сұраған екен: Уа АЛЛАның елшісі ақырзаман қашан болады деп, сонда Пайғамбарымыз, оны тек АЛЛА ғана біледі деп жауап берген екен. Сондықтанда бауырлар жұрт ішінде бүлік туғызуға болмайды. АЛЛА бізге құранды түсірді, сол құранда бәрі қамтылған, біреулердің сандырағына сеніп, оған тағы екі ауыз өтірік қосып айтатындардың құлағына алтын сырға. Гарольд Кэмпин деген ағылшынның сандырағы адамдарды үрейлендіріп бітті. Сол 90-дағы алжыған далбаса шалға сенудің өзі күлкілі! Ол есалаң 2000 жылдан бері ақырзаман болады деп дүрліктіріп жүр, АЛЛАға шүкір әлі жер басып тірі жүрміз. Сандырақтарға сене берудің қажеті жоқ! Оданда ақыретімізді ойлап АЛЛАдан кешірім сұрап, құлшылығымызды күшейтейік! Исламның алтын ғасыры енді басталды бауырлар! Дүние жүзінде болып жаткан табиғат апаттары, ол АЛЛАның ескертулері. АЛЛА құранда айтады «Бір қауым өзін-өзі өзгертпейінше, мен оларды өзгертпеймін дейді», бұл жерде нені түсінуге болады? Бұл жерде біздің халқымыз небір фитналар (бүлік) шығарып, азғындап, халалды, харамнан ажырата алмай кеткен кездегі АЛЛАның ескертуі! Баурлар АЛЛА сіздердің жүректеріңізге хидаят және сабыр берсін!

  8. АсСалям алейкум мұсылман бауырлар!!! Мұнда қарап отырсын небір сұмдықтар айтылған,СуббханаАллах ақырзаман несимен қызығушылық тудырады,неси оның бақыт,АЛЛАХтан күнәлар үшін кешірім сұрап,сабыр мен жүректерге иман тілеп,Құлшылығымызды арттырудын орнына небір Ванга Гарольд Кэмпиннин сөзіне не басқа болжаушыларға сеніп тура жолдан адаспайық бауырлар. 18 мың ғаламды жаратқан, ең Ұлы Құдірет иесі АЛЛАХТЫҢ қолында барлығы да. Сол үшін де мына бір жалған дүниеде адаспай мәңгі дүниеге кетер күнді ойлап АЛЛАХТАН РАХЫМ ПАЙҒАМБАРДАН ШАПАҒАТ ,еліміздің амандыған Ұрпағымыздын жалғасуын тілейік. Аллах жүректерімізге иман мен сабыр берсін,Екі дүние бақытын біздерге деген ФИРДАУС Жаннатін нәсіп етсін ИншаАЛЛАХ АМИН!!!!! Бақыттың базарында АЛЛАХТЫН назарында болып Сүйікті құлдарының қатарында болуды жазсын. Амин!!!!!!!!!!!!!!!!

  9. жамағат ақыр заман болмайды Тек АЛЛАҒА сеніңдер Бәрі Алланың қолында іштеріңнен калимаға келтіріп жүріңдер

  10. Қасиетті кітап құран кәрімде былай жазылған деседі: ақырзаман болар кезде ең бірінші қиыр шығыстағы елдер қирайды деп, енди келип ғалымдар картадан қараса қиыр шығыста Америка елдери орналасқан екен дейді. Қарасаңыз шыныменде сол шет елдерде небір түрлі-түрлі табиғи апаттар болып жатыр, қаншама адмадар қырылысып.(Өйткені жаман нарселердин барі, яғни адам ату,өлтіру,терроризм, жезөкшелік т..б.жамандықтардың бары сол мемлекеттерден келуде, мүмкін сол үшінде аллах-тағаланың жіберген қаһары шығар деп ойлаймын.) Қысқаша айтар болсақ, алда бір үлкен өзгеріс болатын сияқты, тек қана бір Аллаға аян.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s