Ертең Эль-Кувейт қаласында Азияда алауы жағылады

Ертең Азия Олимпиадалық Кеңесінің штаб-пәтері орналасқан Эль-Кувейт қаласындағы «Кувейт-Тауерс»  мұнарасының алдындағы алаңда Азияда алауы жағылады. Ол 12 қаңтар күні Алматы қаласына жеткізіледі. Алауды қарсы алу салтанатты рәсімінен соң Эстафета Оңтүстік астана көшелерімен жүріп өтіп, 20 күн ішінде Қазақстанның барлық аймақтарын аралап шығады. 30 қаңтар күні Астана көшелерімен өтіп, жаңа «Астана-арена» стадионында Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде мәресіне жетеді.

Алау дизайны Алматы маңында табылған, біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ-І ғ. жататын сақтардың қоладан құйылған жарықтандырғыш құралы негізінде дайындалып отыр. Еліміз бойынша 1020 Алаугер іріктеліп алынып отыр. Соның ішінде әрбір облыстан – 60 адамнан, Алматыдан – 80 және Астанадан 100 адам іріктеліп алынған. Әрбірі 200 метр қашықтықта жүгіріп өтуі тиіс. Эстафетаның жалпы қашықтығы – 15 мың шақырымнан асады. Әрбір алаугерді алты «алау сақшысы» күзетіп жүреді. Сіздерге сол 2011 жылғы 7- Қысқы Азия ойындары Алау эстафетасының жылжу картасын ұсынып отырмын (суретте). Таныс бола отырыңыздар:

Advertisements

2 responses to “Ертең Эль-Кувейт қаласында Азияда алауы жағылады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s