БҮГІН ТАҢЕРТЕҢ СМАҒҰЛ САДУАҚАСОВТЫҢ МӘЙIТ-КҮЛI ЕЛГЕ ӘКЕЛІНДІ

Бүгін таңертең бар ғұмырын қазақтың азаттығы мен теңдігіне арнаған алып тұлға – Алаштың аяулы ұлы Смағұл Сәдуақасовтың сүйегінің күлі туған топырағына әкелінді. Астана әуежайында Алаштың ардақты ұлының сүйегін бір топ алаш зиялылары мен БАҚ өкілдері, депутаттар қарсы алды.

Кеңес өкiметiнiң қазаққа жасаған қиянатына қарсы шыққаны үшiн елден аласталып, жұмбақ жағдайда уланып, Кремль ауруханасында қайтыс болған С.Садуақасовтың денесi 1933 жылы 16 желтоқсанда арнайы пеште (крематорий) өртелді (орыстар қылмысын жасыру үшін солай еткен деседі). Күлi содан берi 78 жыл бойы Мәскеу­дiң Дон қабiрстанында топыраққа көмiлмей, құмыра iшiнде тұрып келді.

Қылышынан қан тамған қилы заманда асқан қайсарлық танытып, елінің ертеңі үшін күрескен алып тұлғаның күлі сақталған қорапты елге қайтару туралы идея көптен бері айтылып келеді. Алғаш рет Сабыр Қасымов, Дихан Қамзабекұлы, Берiк Әбдiғалиев секiлдi ұлт жанашырлары бастама көтерді. Көп ұзамай Смағұл атамыздың күлi салынған құмыра табылып, оны елге қайтару шарасы басталған еді. Алайда, без бүйрек билік өкілдері былқ етпеген еді.

Жақында Еуразия ұлттық университетінде «Қайраткер Смағұл Садуақасұлы және Қазақстан отаншылдығы: елдiк мұрат пен жауапкершiлiк» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өттi. Ұлтқа, тарихқа, ғылым­ға жанашыр азаматтардың арқасында осы конференция алдында Мәжiлiстiң бiр топ депутаттары да Смағұл Садуақасовтың мәйiт-күлiн Астанада жерлеу туралы Үкiметке өз сауалдарын жолданған болатын. Алқалы жиынға келгендер Смағұл Садуақасовтың мәйiт-күлiн Астана қаласындағы «Жастар» шағынауданындағы ескi зиратқа жерленсе деген тiлектерiн білдірді. Бұл ұсынысқа халық та қатты қолдау білдірді. Себебi, бұл қорымда ашаршылық уақытында және Ақмоланы басып алу кезiнде қайтыс болған Кенесары сарбаздары жатқаны белгілі. Бірақ бұл ұсыныс қолдау таппай қалды. Құзырлы орындар халық тілегіне тағы теріс қарады. Араға 78 жыл салып барып туған топырағына оралған Смағұл бабамыздың мәйiт-күлі қашан және қайда жерленетiнi әлі де белгiсiз.

Advertisements

One response to “БҮГІН ТАҢЕРТЕҢ СМАҒҰЛ САДУАҚАСОВТЫҢ МӘЙIТ-КҮЛI ЕЛГЕ ӘКЕЛІНДІ

  1. Ұят-ай, ұят. Қазақтығымызға тағы бір сын осы болды. Не дейін? Бүркіт бауырым, қаламың қайратты бола берсін! Оқып жаным ауырды.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s