Қайсаров «құлаған» көпірден Қасымов қалай өтті?

Кеше атынан адам түгілі албастының өзі айналып өткен Лингвистикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Мырзатай Жолдасбеков бастаған комиссияның алдындағы қатал сыннан өтініш білдірген 22 адамның біразы өте алмады. Тіптен сенімсіздік білдіріп бірнешеуі емтихан тапсырудан бас тартты. Бұл маңызды да емес. Бірақ жұрттың көкейінде жалғыз сұрақ: Қайсаров «құлаған» көпірден Қасымов қалай өтті? Оқуды жалғастыру

Джип көлік – емес, зажигалка– сіріңке емес

Жақында елден келген бір досым сөз арасында «Джип көлік емес, зажигалка (қазақшасы оттық) – сіріңке емес» деген мақалды бірнеше рет қыстырып өткенін байқадым. Басында онша мән бере қойған жоқ едім. Бірақ бір күні қызығушылығым ұстап «джип неге көлік емес» деп сұрамасым бар ма? Сөйтсем, бұл мақалдың өзіндік мәні, шығу төркіні бар екен. Оқуды жалғастыру

Мертвые щенки, старые монашки в …

Өмірдің өзі – тіршілік үшін күрестен тұрады. Ал сол құрғыр тіршілік үшін күресің ала таңнан тұрып, автобуста орындыққа таласудан басталады ғой.  Бұл бір мен ғана емес күллі Астана халқының ортақ қайғысы деуге де болады. Оқуды жалғастыру

Болмасақ та ұқсап бағамыз да…

Адам баласы тумысынан айрықша ақыл иесі болып жаратылғанымен бәрі бірдей дана бола бермейді.  Бұл жаратылыс заңдылығы. Атам қазақ адам баласының бәрі бірдей бола бермейтінін «Он саусақ бірдей емес» немесе «Мал аласы – сыртында, адам аласы – ішінде» деп біре ауыз сөзге сыйғыза салған ғой! Неткен даналық десеңші?  Сонымен, сондай ақыл иесінің бірі (адам болып туған дегенім ғо…) – мен. Асып-тасып жатқан көл-дария ақылым болмаса да орта деңгейлі журналист атанып, қағаз шимайлап жүрміз. «Журналист бала» деген атаудың буы ма екен кім білсін, кейде бәлсініп данагөй ақсақалдар секілді қағазға бірдеңе түсіріп қоямыз. Абай атамыз: «болмасаң да ұқсап бақ» немесе «өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген жоқ па? Оқуды жалғастыру

Сайлауға түсемін, маған дауыс беріңіздер…!!!

Кеше, жоқ қателесіппін, алдыңғы күні Айман есімді бір оқырманымнан үш бума ту-у-у не деп кеттім өзі, үшбу хат келіпті. Мағынасы, «блогстаннан көрінбей кеттіңіз, жазбай жүрсіз. Неге?», – деп сұрақ қойыпты. Арасында қалжыңдап «сайлауға түссеңіз міндетті түрде сізге дауыс беремін деп қосып жіберіпті…» Қызық, әрине! Сайлау қайда? Амантай қажы тұрғанда армандаудың өзі қорқынышты емес пе…?! Оқуды жалғастыру