Сайлауға түсемін, маған дауыс беріңіздер…!!!

Кеше, жоқ қателесіппін, алдыңғы күні Айман есімді бір оқырманымнан үш бума ту-у-у не деп кеттім өзі, үшбу хат келіпті. Мағынасы, «блогстаннан көрінбей кеттіңіз, жазбай жүрсіз. Неге?», – деп сұрақ қойыпты. Арасында қалжыңдап «сайлауға түссеңіз міндетті түрде сізге дауыс беремін деп қосып жіберіпті…» Қызық, әрине! Сайлау қайда? Амантай қажы тұрғанда армандаудың өзі қорқынышты емес пе…?!

Айман қарындасымыз мені шамасы қырықтың қырқасына шыққан қарасақал деп елестеткен болар (Маймыл.ру-дағы агентімде жапсырма сақалмен түскен суретім тұр. Соны көрген-ау, шамасы…). Сонымен, расында Блогстанға сирек келіп жүрмін, жасырмаймын. Сайлауға дайындалып жатқан жоқпын, жаңа айтып өттім, блогшы ханым-мырзалардың құрылтайына дайындалып жатқаным болмаса. Себебі, еңбек демалысында жатырмын. (Суретте… бірақ қайсысы мен екенін өздеріңіз тауып алыңыздар Жердің бір жерінде демалып жүрмін… (арманым ғой, қыста қайдағы демалыс). Расын айтсам, белгілі бір себептермен жаза алмай жүрмін. Аптасына бес рет шығатын газетте жүріп блог жүргізу қиындау болып жатады. Алла қаласа, жақында қайта ораламыз ғо…

Сәлеммен Ақиық блогының бас редакторы Нұратайдың баласы

Advertisements

14 responses to “Сайлауға түсемін, маған дауыс беріңіздер…!!!

  1. «Сайлауға түссеңізде» де үлкен мән жатыр ғой…Елден қалмай, блогсферада жүрсеңіз, міндетті түрде оқырманыңыз ретінде пікір білдіріп тұрамын дегені шығар… 🙂

    • Түрегеп тұрған үшеудің оң жақ шеткісі Сіз боларсыз-ау дәу де болса. Анау ше құлағына қарасораның жапырағына ұқсас екі сабақ шөп тағып алған. Шу өзенінің бойы емес пе…:)

  2. Ондай шөп Астананың манайында да өседі. Сілеті өзеніңің жағасы ғой. Шөбі жаман емес сілеңізді шығарады…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s