Болмасақ та ұқсап бағамыз да…

Адам баласы тумысынан айрықша ақыл иесі болып жаратылғанымен бәрі бірдей дана бола бермейді.  Бұл жаратылыс заңдылығы. Атам қазақ адам баласының бәрі бірдей бола бермейтінін «Он саусақ бірдей емес» немесе «Мал аласы – сыртында, адам аласы – ішінде» деп біре ауыз сөзге сыйғыза салған ғой! Неткен даналық десеңші?  Сонымен, сондай ақыл иесінің бірі (адам болып туған дегенім ғо…) – мен. Асып-тасып жатқан көл-дария ақылым болмаса да орта деңгейлі журналист атанып, қағаз шимайлап жүрміз. «Журналист бала» деген атаудың буы ма екен кім білсін, кейде бәлсініп данагөй ақсақалдар секілді қағазға бірдеңе түсіріп қоямыз. Абай атамыз: «болмасаң да ұқсап бақ» немесе «өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген жоқ па?

Бірді айтып, бірге кеттім-ау? Айтпағым басқа еді ғой. Ойда жүріп қағазға түскен шимайларым туралы. Оқырмандарым оқи жүрсін деп елден жасырып жүрген біраз шимайымды салып отырмын. Оқып-тоқып көріңіздер. Тек, «мына балаға оқу өтіп кетіпті-ау» деп ойлап қалмасаңыздар болды…

Ойланбайтын шенеуніктерге…

Жаһандану – әлем назарын аударған технология мен жаңашыл көзқарастардың, өткенді саралай отырып қалыптасқан адамзаттық мораль мен гуманизмнің тоғыса келіп классикалық үлгіге айналатын жалпы ғаламдық нормалардың этикалық, демократиялық үлгісі болуы шарт.

 

Ең алдымен қасиетті ұғым «сөз» жаратылған. Алайда, бұл кез-келген шаруаны құр сөзбен-ақ бітіруге болады дегенді білдірмейді

 

Жастар тәрбиесі жөнінде…

Бүгінде жастар бұзылып барады дегенді көп айтамыз. Бұл – қате пікір. Дұрысы – жастарды бұзып алдық.

 

Ойшылдар қаладан емес, даладан туады. Олар (қаладан шыққандар) биікке емес «билікке» құмартып тұрады.

 

Кедейліктің машақатынан байлықтың азабы ауыр болады.

 

«Жас өспей ме, жарлы байымай ма» дейді екен дана қазақ. Алайда, тәрбиесіз өскен жас пен сәулесіз байдың қоғамға қажеті шамалы.

 

Ойда жүргендер…

Қай елдін болмасын алғашқы патшасы «ақылсыз» болады. Кейінгілері осыған қарап сабақ алады.

 

Кез-келген патшаның бойынан әл-Фараби айтқан 10 қасиеттің кемінде 7-еуі табылмаса халқын бақытсыздыққа душар етеді.

 

Дәл бүгінгі таңда өзін «халқым үшін қызмет етіп келемін» деп атайтындар қазақ халқының басты жауы. Жалғандық – жамандарға ғана тән дүние.

 

Қазақ мемлекетінің иесі – алаш жұрты, яғни қазақ. Қазақ халқы басшы болып, өзге ұлттар қосшы болғанда ғана ұшпаққа жетеміз.

 

Патша – пейілден.

 

 

Сөз…

Ең алдымен қасиетті ұғым «сөз» жаратылған. Алайда, бұл кез-келген шаруаны құр сөзбен-ақ бітіруге болады дегенді білдірмейді

 

Әдебиет – өмірдің барометрі. Проза – тоқшылығын, поэзия – жоқшылығын көрсетеді.

 

Қиямет күніне дейін нақты іс емес, көпірме сөз болады.

 

Кері кеткен елдің ақындары заршыл келеді.

 

«Адамды адам еткен – еңбек», – дейді

Ал, адымды адамдықтан айырған – ақыл.

 

Advertisements

7 responses to “Болмасақ та ұқсап бағамыз да…

  1. Мммм,Бүркіт мырза, сабақты ойларыңыз сәтімен тізбектеліпті. Маған «философ» деп қалжыңдағанда сондайсың, жазбаларыңды оқысам, нағыз «ҒҰЛАМА» сіз екен…біле жүретін болдық! 🙂

  2. Сен артығырақ ойлап қойыпсың, бауырым… 🙂 Шарықтау шегінің өзі тұман болғандықтан, көп ойлау өзіңмен өзің сөйлесуге, арты ауруханаға апаруы мүмкін. ))))))))))))))

    Қалжың ғой, жаза түс!

  3. Бүркіт аға! Сіздің ойларыңыз өте пайдалы екен…Маған барлығы ұнады, әсіресе жастар жайлы айтқаныңыз. Білесіз бе, мен сізбен келісемін. Себебі, күнде автобуста сабактан кешке қайтып келе жатқанда еститініміз үлкендердің айғайы, тіпті телефонмен бүкіл автобусқа айғайлап сөйлесулері. Мұның бәрі әрине маңызсыз шығар, десе де ол тәрбиеге әсерін тигізеді деп есептеймін. Мен үнемі айтамын: «бізді тәрбиелейтін сіздер, ал өздеріңіз көлікте шу шығарып жатырсыздар, бұл қандай тәрбие» деп. менің марқұл болған бауырым айтатын: «телефонмен еш уақытта айғайлап сөйлеспе, ол мәдениетсіздік» дейтін…

  4. Әрине, қоғамдық жерде ұялы телефонмен айқайлап сөйлесу мәдениетсіздік. жалпы елдің қасында тұрып айқайламай ақ телефонмен сөйлесудің өзі маңайыңа ыңғайсыздық тудырады екен. Бұл дәлелденген факті. Батыс елдерінде жүргізілген сауалнаманың нәтижесіне қарағанда жауап берушілердің 60 пайыздан астамы айғайлап сөйлескендерге жыны келетінін көрсеткен.
    Керегіңе жарап жатса қуанамын.

  5. Жастар жайлы айтқаныңыз рас. Қазір заман өзгерді ме, әлде адам өзгері ме деген сауал туындайды? Әрине, заман өзгерді, бірақ сол заманды өзгерткен адам іс-әрекеті емес пе? Адамның ақыл-ойы. Сол себептен заман ағымы барша адамзатты адастыратыны айдын анық…

    • Әрине, оған таласым жоқ. Замана ағыны қоғамды қалай болған күнде де өзгерпіт тынады. Бірақ, заман ағынын өзгерте алатын факторлардың бар екенін де ұмытпауымыз керек. Заман өзгеріп барады дегенді желеу етіп өзімізді өзгерткіміз келмейтін сияқты…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s