Джип көлік – емес, зажигалка– сіріңке емес

Жақында елден келген бір досым сөз арасында «Джип көлік емес, зажигалка (қазақшасы оттық) – сіріңке емес» деген мақалды бірнеше рет қыстырып өткенін байқадым. Басында онша мән бере қойған жоқ едім. Бірақ бір күні қызығушылығым ұстап «джип неге көлік емес» деп сұрамасым бар ма? Сөйтсем, бұл мақалдың өзіндік мәні, шығу төркіні бар екен.

«Алтай бетінің қазақтары арасында бұл тіркес «жалған дүние» сөзінің баламасы ретінде айтылып жүр», – дейді ол. Монғолияның ішкері жағы, яғни солтүстік аймағына жақын Эрдэнэт, Дархан, Налайх қалалары секілді суық өлкелердің бірінде жеңіл көліктің көкесі – түйетабан джип мінген 4 жігіт ай-далада қалып, үсір өлген ғой. Бәрі де тағдырдың жазуы. Дегенмен, көліктің сенімдісі деп алып шыққан қымбат машинасы ауқатты отбасының төрт бірдей азаматын далада қалдырып, елді аңыратып кетеді. Елден алыс аумақта бірнеше күн бойы аязбен алысқан олар ақыры табиғаттың дүлей күшіне шыдас бермей бақилық болады. Сонда дәм-тұзының таусылғанын сезген біреуі бір жапырақ хат жазып қалдырып кеткен ғой: «Джип көлік – емес, зажигалка – сіріңке емес» деп. От тұтатып бойын жылтпақ болғанда қалтасындағы зажигалкасы да қатып қалып, тұтанбаған. Ал жандарында бір қорап сіріңке жүрсе бәлкім бірдеңе тұтатып, ең болмады дегенде, біреуінің жаны қалар ма еді?

Бұл, әрине елден-елге жетіп сан-түрлі сипатқа еніп үлгерген әңгіме болуы да мүмкін. Шын мәнінде ол жерде жағдай басқаша болған да шығар? Бірақ, менің айтпағым басқа дүние. Адам баласы «арман алға жетелейді, үміт өлтірмейді…» деп біледі. Алайда сол адамның арманы не болып бара жатыр? «Кедей бай болсам, бай құдай болсам» деп жүріп, ынсап атаулыдан алыстап барамыз. Кезінде өзгенің езгісін көріп, көзі ашылған соң құрастырмалы үй Хрущевка мен Москвич көлігіне құмартқан халқымыздың «арманы» кейінгі кездері адам шошырлық болып бара жатқан сияқты болып көрініп тұрады.

Бұл әңгіме бәлкім біреулерге сабақ болар деген оймен жариялап отырмын. Арманымыз асқақ, рухымыз биік болсын!

 

Advertisements

5 responses to “Джип көлік – емес, зажигалка– сіріңке емес

  1. Ия, араны ашылу биреулерге сабақ болған екен. Баз біреулер «қазақ депі дейді». Сол қазақ өмірлік тәжірбиеден алғанын ырым, тыйым ретінде өз дәстүріне енгізген. Ендеше бұл да бір сабақ аларлық дәріс екен. Ойлан адамзат! Батыстың материалдық дүниетанымымен әбден жадыланған біздер кім екенімізді, қайда барарымызды ұмыттық.

  2. Тағылымды дуние екен. Ескінің қадірін білмей жатып, жаңасына жабыспа деген ойды айтып отыр. Рахмет, Бөке!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s