Мертвые щенки, старые монашки в …

Өмірдің өзі – тіршілік үшін күрестен тұрады. Ал сол құрғыр тіршілік үшін күресің ала таңнан тұрып, автобуста орындыққа таласудан басталады ғой.  Бұл бір мен ғана емес күллі Астана халқының ортақ қайғысы деуге де болады.

Иа, таң атпай жұмысқа асығып, автобусқа жүгіреміз. Өйтпеске амал жоқ. Себебі, белгілі. «…Ой-й…», «…ай…!» «…өлтірдің ғой!» деген сан түрлі айғай-шуға малынып, кете барамыз. Қысқасы, жұмысқа жеткенше құлағың тұнады.

Бүгін де солай, түрегеп тұрмын. Жарты сағат күттіріп жеткен № 2 шағын автобустың ішінде консервіленіп келеміз. Адам лық толы… бағы жанып ертерек отырған бірнеше жігіт орындықта «қалғып» отыр. Студент кезімізде қасымызға жақындап келе жатқан әжелерді көргенде автобуста отырып «ұйықтап кететін» едік қой, өзімізде. Е, қайран студенттік шақ-ай! Бір бұрыштан жуан дауысты бір ағай: «Не сиырсың ба? Аяғыңа неге қарамайсың?» деп гүр етті. Ойбууууу! Аяқ қайда, бас қайда? Ал менің бір аяғым автобустың сыртында тұр. Кей-кездері жұмысқа солай барамыз. Көп ұзамай «Ойбай…! ваще қысылып қалдым ғо…» деп қыздардың бірі баж ете қалды. Тағы да сол қысқа тонды қара қыз екен. Өзі сондай шақар. Бір автобуста жалғыз өзі тұрғандай жан-жағын жапырып жүреді.

«Тарт қолыңды, ұятсыз!» Өктем қыздың дауысы. Артынша шарт еткен шапалақтың даусы шықты. «Қарындас кешіріңізчі!» дейді бір жігіт мұрнының астынан міңгірлеп. Шамасы, қалтасынан тиынын шығарамын деп жүріп байғұстың қолы басқа біреудің қойнына сүңгіп кеткен-ау. Жұрт ду күліп жатыр. Ал жігітте үн жоқ. Қызарып, ұяттан өліп барады…

Бұл енді қыстағы жағдай. Ал жазда ваще қорқынышты. Жұрттың бәрі жартылай жалаңаш. Әсіресе, қыздар жағы қатты састырады. Құлын мүшесі айшықталып, қарсы алдыңда тақалып тұрады ғой. Сол кезде жаңын шығып, автобустың төбесіне қарап, телміріп бірақ қаласың. Ең қауіптісі, үстеріне жарты қарыс, үш сүйем бірдеңелерін іле шыққан бірнеше қыздың ортасына тап болған күні. Қара терге малынып, «мертвые щенки, мертвые щенки, старые монашки в трусах…».» деп күбірлеп-сыбырлап, терезеге талай телмірдік-ау?  Сол себепті, № 2 деген автобусты сондай жек көремін. Отырмасқа тағы амал жоқ. Біздің бағытқа бұдан басқа маршрут жоқ…

Білген адамға осының қызық шығар? Жай сіздерге қызықты болсын деп бір күнгі автобустағы саяхатымды сөз етіп отырмын.

суретті Қалдықыздың блогынан ұрлап кеттім

Advertisements

6 responses to “Мертвые щенки, старые монашки в …

  1. Көлігің болса, мынадай «тамашадан» құр қалар едің… керісінше, іш пыстыратын кептеліске қамалып… 🙂

  2. бір орыс досым маған сен әлі «лоховозбен» жұмысыңа барып келіп жүресің бе деп ыржиып күледі :((

  3. Ау, Бөке, адам баласы тез жалыққыш қой. Жеке көлікпен жалғыз жүріп қызықтан құр қаламынның бірі мына мен. Ал автобус дегеніңіз тамаша ғой. «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас» демей ме қазақ?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s