Батыстық үлгіде той көйлегін киіп келгендерге мешітте неке қиылмайды

Батыс үлгісінде көйлек киіп мешітке келген жас жұбайлардың некесі қиылмайды. Астанада имамдар осындай ереже бекітті. Бұған дейін бұндай шектеу қойылмаған. Жұрт қалаған көйлегімен, керек болса той үстінде киетін алды-арты жалтыраған қалыңдық көйлегімен де келе беретін еді. Енді жаңа ережеге мойынсұнғысы келмегендерге бір ғана жаза – олардың некесі қиылмайды. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Жұмбақ, жұмбақ!

Рас болса, қыруар қаржыға түсірілсе де, мазмұны солғын шығып бітпес дауға қалған «Көшпенділер» фильмінің жалғасы түсірілетін көрінеді. Бұл жолы да шетелдік атақты актерлер шақыртылмақ. Алайда, нақты кімдер келетіні әзір белгісіз. Тек ішінде отандық шоу-бизнес өкілдерінен белгілі әнші-сазгер Лұқпан Жолдасовтың есімі ғана аталып қалды. Оған басты рөлдердің бірі берілетін секілді. Сіз қалай ойлайсыз? Жолдасовқа қандай рөл берілуі мүмкін?

Айыр қалпақты қырғыз бауырларымыз тағы дүрлігіп жатыр

Айыр қалпақты қырғыз бауырларымыз тағы дүрлігіп жатыр. Бұл жолы олар елдің туына ауыз салып отыр: қырғыздың ал қызыл түсті туының түсін өзгертпек. Бір қызығы, бұл бастаманы аса құзыретті лауазым иелері – депутаттар бастаған. Айтуларынша, қызыл түс қанға малынуға яғни жаман ырымға бастайды. Оқуды жалғастыру

Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі құтты болсын!

Наурыздық атаулы күндер

Наурызды мерекелеудің шынайы мазмұнға сәйкес болуы мен заманға сай қызықты да, сәнді болуы, терең мағананы қарапайым рәсімдермен «әшекейлеу» арқылы жұртқа тартымды мейрам бейнесін жасақтау ғана оны жағымды да әйгілі етпек.  Төменде көпшіліктің көңілінен қағыс қалдырмас үшін барлық мүмкіндікті ойластыра отырып, наурыздың 14-21 аралығында кірісуге болатындай рәсімдер мен ғұрыптарды заманға сәйкестендіре жүйелей ұйымдастыру түрі ұсынылып отыр.  Бұл тоғыз күннің әрқайсысына мазмұн бере отырып, Наурыздың сыйпатын ашатындай және заманға сәйкес шараларға айналатындай әрі ұлттық таным мен дәстүр, салт пен жоралғылар өз орнын табатындай ахуал орнатуға әбден болады. Оқуды жалғастыру

Блогкэмп құрылтай – 2011 немесе «Хуш капсилар, Блогкэмп хунақтары…»

Бүгін қолым босап, бір-түрлі мәз болып отырғаным. Әдеттегідей сейсенбі сайын сауын айтып селекторлық жиын өткізетін мұртты көкеміз Мәсімов те үнсіз. Күн құрғатпай өтіп жататын брифингтер де ың-шыңсыз. Рахат! Тек, сағат 15- те Президент кілт тапсырад дейт. Кімдерге екен? (басекеңнен сұрап көрермін…) Оқуды жалғастыру

Қазақтың ең «семіз байы» Forbes журналына неге енбей калған?

Мексикалық  гипер магнат Карлос Слим  көш бастаған семіз байлар жарысына биыл әлемдегі ең дәулетті деп саналатын 1210 адамның тізімі енді. Ең өкініштісі, семіз байлардың байлығы мен шайлығын жазып күнін «зорға көріп» жүрген Forbes (Форбс) журналы жариялаған тізімде Қазақстандық сегіз миллиардердің үшеуінің аты жоқ. Соның ішінде мен де бармын! Қалай дейсіз ғой? Оқуды жалғастыру

С русским языком можно творить чудеса

Ғаламтор бетін ақтарып отырып осындай бір мақалсымақ бірдеңе тауып алдым. Орысша жөнді (!) білмегендіктен мағынасын онша түсіне алмадым. Ол қандай ғажайып болды екен? Сіз қалай ойлайсыз?