Қазақтың ең «семіз байы» Forbes журналына неге енбей калған?

Мексикалық  гипер магнат Карлос Слим  көш бастаған семіз байлар жарысына биыл әлемдегі ең дәулетті деп саналатын 1210 адамның тізімі енді. Ең өкініштісі, семіз байлардың байлығы мен шайлығын жазып күнін «зорға көріп» жүрген Forbes (Форбс) журналы жариялаған тізімде Қазақстандық сегіз миллиардердің үшеуінің аты жоқ. Соның ішінде мен де бармын! Қалай дейсіз ғой?

Ол былай… Осыдан екі-үш ай бұрын Дэвид Дюк деген адвокатттан хат алмасым бар емес пе? Толық мәтіні төменде келтіріліп отыр. Ол тегі белгісіз Беркут мырза деген біреудің қара сирақ адвокаты екен. Беркут мырза Батыс Африкадағы Того Республикасында Society National de Commercialization des Products Patrollers мұнай компаниясын билеген ғой. Дэвид Дюктің сөзінше Беркут мырза Қазақстанда туған екен. Сол мырзамыз бала-шағасы, әйелімен бірге ұшақ апатына түсіп марқұм болып кете барған (иманды болсын!). Артында қыруар қаржы иа өте үлкен байлық – 13,580 000 000$ (он үш миллиард) доллар қалған(!). Осы қаржыны алу үшін Бүркіт деген мырзаларды іздеп әлемге жар салған беті екен. Аңдыған жау алмай қоймайды, ғаламтор атты дүниеден менің адресімді тауып алған. Мен сол Беркут мырзаның Қазақстандағы кезінде жоғалтып алған «туысы» болады екем. Әрине, құжатта солай жасалады. Сосын он үш миллиардты 60 та 40 пайыз (60 пайызы менікі) етіп аламыз депті. Мен әрине, жынды емеспін 80/20 пайызға түсірттім. Осылайша, күтпеген жерден 10, 864 000 000 долларға ие болып шыға келдім. Сөйтіп, 4,7 миллиард АҚШ долларына тең капитал бар «Қазақмыс» компаниясының президенті Владимир Кимді басып озып, Қазақсандағы № 1 бай болған едім. Өкінішке, орай Forbes-тың саққұлақтары менің қаржымды есептемей кетіпті.

Forbes-дерек:

Қазақстандағы ең бай адамдар қатарында менен кейін Владимир Ким тұр. Үшінші орында 3 миллиард 700 миллион АҚШ доллары бар «Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы» иелерінің бірі Алиджан Ибрагимов келеді. Тимур және Динара Құлыбаевтар 2,6 миллиард долларымен төртінші-бесінші орынға тұрақтапты.  Ал, алтыншы болып банкир Нұржан Сұбханбердин тіркелген. Оның байлығы 1 миллиард долларға тең екен.

* Forbes    рейтингіне   әлем елдерінен  1210  миллиардер   кіріп   отыр.   Ал   олардың   жалпы   дүние-мүлкі    4,5 триллион долларға   бағаланып отыр,  бұл  Германияның  жалпы ішкі өнімінен  асып түседі. Миллиардерлердің қатарында   бұрынғысынша АҚШ азаматтары  көбірек-   бұл жолы  тізімге 413 американдық  кіріп  отыр.  Одан басқа, Бразилия, Ресей,  Үндістан және Қытай елдерінің  өкілдері де  көп.

ДОРОГОЙ,БЕРКУТ!

Я –  Адвокат Дэвид Дюк, Частный поверенный Покойному г-ну Д. БЕРКУТУ., соотечественник Вашей страны, который имел обыкновение работать Директором Общества Национальный де Коммеркялизатион де Продюкц Патролле (ОБЩЕЕ КОЛИЧЕСТВО) Нефтяная компания в Того республика Западная Африка, Здесь в после, должен упоминаться как мой Клиент. 21-ого апреля 2004 мой Клиент, Его жена и их три Ребенка были вовлечены в автокатастрофу около Лоум Того экспресс-роуд. Все жители транспортного средства, к сожалению, потеряли свои жизни. С тех пор я провел несколько расследований в Ваше посольство, чтобы определить местонахождение любого из расширенных родственников моих клиентов , но все усилия был только напрасно.

После этих нескольких неудачных попыток я решил отследить Его фамилию по Интернету, чтобы определить местонахождение любого члена его Семьи следовательно я связывался с Вами. Я связался с Вами, чтобы помочь в Репатриации денег , оставленных позади моим Клиентом прежде, чем они будут конфискованы или объявили непригодным Алмазным Банком республика Западная Африка. Эти огромные депозиты были поселены особенно с «Банком Ecowas Ломе Того», где покойному оценили счет в доллары за приблизительно 13,580 000 000$. Банк выпустил меня уведомление, чтобы обеспечить следующую из семьи или конфисковал счет. Так как я был неудачен в Расположении родственников больше пяти лет.

Теперь я ищу Ваше согласие представить Вас как следующую из семьи покойного, так как у Вас есть та же самая фамилия так, чтобы доходы этого счета, оцененного в (13 580 000 00$) , которые миллиард долларов может быть заплачен Вам и затем Вам и мне, могли Разделить % за 60 денег мне и 40 % Вам. Я обеспечу все Необходимые юридические документы, которые могут использоваться , чтобы поддержать любое требование, мы можем сделать.All, которого я требую, Ваше честное сотрудничество, чтобы позволить нам переживающий это Соглашение.

Я гарантирую, что это будет выполнено в соответствии с законным соглашением, которое защитит Вас от любого нарушения закона, но Вы должны также согласиться не раскрыть или передать любую информацию, связанную с этим бизнесом к любому телу из соображения безопасности и избежать глазной брови, И пути, которым мы идем достигнуть, это, я буду нуждаться в следующей информации от Вас.

Advertisements

18 responses to “Қазақтың ең «семіз байы» Forbes журналына неге енбей калған?

    • О, қисық мырза! Муахахахахахаха))))))))))))) деген күлкіңізді естімегелі біраз болыпты-ау!

  1. Қап, өзіңіз айтпақшы, саққұлақтары қалай байқамаған? Сонымен семіз бай сегіз емес тоғыз болды ғой?

  2. ептііі… Жақсы ақ тәмсіл екен… әлемді қоя беріңізші, Қазнеттегі ең бай блоггер екесіз ғой)))

  3. бул окиганы Казакфильмге усыну керек екен, дайын сюжет! табысты туынды болар еди

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s