Блогкэмп құрылтай – 2011 немесе «Хуш капсилар, Блогкэмп хунақтары…»

Бүгін қолым босап, бір-түрлі мәз болып отырғаным. Әдеттегідей сейсенбі сайын сауын айтып селекторлық жиын өткізетін мұртты көкеміз Мәсімов те үнсіз. Күн құрғатпай өтіп жататын брифингтер де ың-шыңсыз. Рахат! Тек, сағат 15- те Президент кілт тапсырад дейт. Кімдерге екен? (басекеңнен сұрап көрермін…)

Бізде бұндай күн сирек. Аптасына 5 күн шығатын пысық басылымда істегендіктен қолымыз көбіне пернетақтада жатады. Расын айтсақ, бүгінгідей күнді Мәсімовтың қалың мұртындай бес елі бақ деуге де болады. Бәрін айтта, бірін айт, ең бастысы қазақ блоггерлерінің алғашқы құрылтайына дайындалып жатырмын. Соған қуаныштымын. Былтырғы жылдың майында Алматыдағы семинар-курста бас қосқан достарымды сағынып қалыппын. Әсіресе, қос жанары жалт-жұлт еткен… Стоп! Осымен тоқтала тұрайын…

Бәріде былтырғы семинар-курстың арқасы ғо. Блог ашып, блогшылар құрылтайына қатысамын. Ең маңыздысы, жақсы достар таптым. Әлі есімде, семинардың алғашқы күні. Бірінші қатардағы орындықтың біріне отырсам, қасымдағы орынға сымбатты келген бір бикеш жайғасып жатыр. Жігіт болған соң, тамағымды қырнап алып, «Бүркіт» деп алақанымды ұсындым. Бикеш бетіме қарап алып, «өзіңізден кішкентай құстарға тиіспейсіз бе?» деп қолымды алды. Сөйтсем, аты Тоты – екен.  Кәдімгі vkototy.wordpress.com блогының бас редакторы ше?. Кейін осы Тоты ханыммен жақсы дос болып кеттік. Өзі керемет әнші екен (бір ретте өзінің орындауындағы ән жіберіпті).

Бүгін ала таңнан давай.қы.зы сайтынан өңірлерден келетін аса құрметті қонақтарды күтіп алатын азаматтардың тізімін оқыдым. Ішінде өзіміздің Қисық брат жүр екен. «Хуш капсилар, Блогкэмп хунақтары…» деп бізді кім күтіп алар екен? Біз Салтан хазірет, Аршат ұстаз, Бүркіт оқымысты бастаған бірнешеуіміз 19 наурыз күні таңғы  бес сағатта Алматы 1-ден түсеміз. Жолыққанша, достар!!!!

Төменде сол тізім, давай.қы.зы-ға кіріп кім қашан, қайда келетіндеріңізді мағлумат етіп қойыңыздар!

1.Димаш- qisyq.wordpress.com/- 8702 4901767
2. Жалғас- yertay.wordpress.com/- 8702 5467107
3. Мейіржан- kazprose.wordpress.com/- 8702 4661941- Қытайдан және Моңғолиядан келетін кісілерді күтіп алады.
4. Қуаныш- www.on.kz/u22984/blog/- 8 707 369 64 26 — Сайран арқылы келетін кісілерді күтіп алады.
5. Нұржан- kaztarih.wordpress.com/- 8700 4705713
6. Айкона- 12aikon1986.wordpress.com/- 8702 4257854- мен жалпы басшылық деп па :)))

Advertisements

14 responses to “Блогкэмп құрылтай – 2011 немесе «Хуш капсилар, Блогкэмп хунақтары…»

  1. Нұратайдың баласы, мырза! оқып шығып қызығып отырмын. Қалай блокшы болуға болады? қанша ақшаға аштыруға болады?

  2. Қайтарма үнқосу: Құрылтай,құрылтай және құрылтай! « Ұшырсам сені көгіме!

  3. ал біз, Рахат Жақсыбай екеуіміз, 18-і күні сағат 5-терде жетеміз деп отырмыз , иншалла! Алматыда жүздескенше!

  4. Қайтарма үнқосу: Құрылтай,құрылтай және құрылтай! « Ұшырсам сені көгіме!

  5. Осы өзім барып қарсы алмасам болмас… Он тоғызы күні сағат таңғы бесте күтемін. Тек пойыздың нөмірі мен купенің нөмірін айтып берсең, бырат, жақсы боларед. Ет. Ет жеген жақсы.

  6. О, Қисық браттың өзі келіп күтіп алып жатса үлкен құрмет. Құпия кординаттарымды ертен жазып қоямын…

  7. Әзіліңіз жарасқан, қазақтың марқасқа азаматы екенсіз. Келесі блогқұрылтайларда төпли тесілгенше билеп жүре берейік )))

  8. Бүркіт аға! Жүлдеңіз құтты болсын! Сізбен танысқанымызға ыырзааамыз! мәләдес салмақты жан екенсіз! Қаламыңыз одан да әрі жүйрік бола берсін! …ұмытып барады екем, өкіметтің «кухнясынан» нешеме хабарларды әлі де оқи берейік;)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s