Айыр қалпақты қырғыз бауырларымыз тағы дүрлігіп жатыр

Айыр қалпақты қырғыз бауырларымыз тағы дүрлігіп жатыр. Бұл жолы олар елдің туына ауыз салып отыр: қырғыздың ал қызыл түсті туының түсін өзгертпек. Бір қызығы, бұл бастаманы аса құзыретті лауазым иелері – депутаттар бастаған. Айтуларынша, қызыл түс қанға малынуға яғни жаман ырымға бастайды.
Сондай ырымшыл депутаттардың бірі Әбдірахман Маматалиев Алатоолық ағайындарды соңғы бес жылдың ішінде екі рет теңселтіп кеткен қанды қырғынға елдің басты жалауының қызыл түсі себеп болып отыр. Бітпейтін төңкеріс пен түрлі мәселе осы теріс түстің салдарынан болып жатыр-мыс. «Соңғы кезде елде көтерілістер мен қантөгістер жиілеп кетті. Біздің ойымызша, оның себебі – қызыл жалау, бұл қанның түсі», – деп ұрандап жіберген ғой. Қырсық ұрғанда, Қырғыз Парламентінің басым бөлігі ырымшыл болып шыққан ғой, «жаңалықты» дуылдатып ала жөнелген. Керек болса, Парламент қабырғасында бес бірдей партияның өкілдері, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері жиналып, арнайы комиссия құрып жіберген. Арнайы комиссия бірнеше күннің ішінде су жаңа жалаудың нобай-нұсқасын анықтап, ел назарына ұсынамыз деп отыр.
Бұл жұмыстың барлығы суретші қырғыз халқының бұрынғы жалауының авторларының бірі – Бекбосун Жайчибековке жүктелген. « Ендігі тудың нобайы киіз үйдің түндігінен көтеріліп келе жатқан алтын шапақты ақ күн болмақ. Ал түсі көк болады. Негізі көк түс – ол Манастың жалауының түсі. Ендігісі, ту мәртебесі анықталғасын, мемлекет авторлардың мерейін де бір көтеріп қойса деген ниет бар. Қызыл тудың жобасын жасаушы мына біздер сол кездегі мемлекеттік сыйлықты әлі күтіп жүрміз», – дейді суретші мырза.
Ырымшыл халық қалаулылары бұнымен тоқталса жақсы ғой? Ту аздай, әнұран мәтінін де ұнатпай отырған сыңайлы. Дерек көздеріне қарағанда, алдағы күндері оны да өзгертпек ниетте. Бұл әрине, қырық пышақ болып отырған елді ымыраластыру мақсатында туындап отырған жайт екені белгілі. Бастамасы жақсылыққа жеткізіп жатса неге қуанбасқа? Тек жалғыз ғана «но…!» болып тұр. Қырғыз бауырларырымыздың су жаңа жалауы қазақ халқының көк байрағының көшірмесі болайын деп тұр. Бұған ел-жұрт қалай қарар екен? Ал сіз не дейсіз?

Advertisements

10 responses to “Айыр қалпақты қырғыз бауырларымыз тағы дүрлігіп жатыр

  1. анау СССР кезде, қызық тсүке құмар болған,
    қанды* бейнелеу емес,
    мақсат қайта, лидер* деген мағына беретіндіктен.

  2. елдің атауын өзгерту керек деп жүрмесе, себебі қырғызып болды ғой елді деп.

  3. Онда біздің депутаттар дүрлігетін болады. «Қырғыз елінің бізге ұқсап барады, біз оларға ұқсамайтындай етіп өзгертуіміз керек. Біз Күннің орнына Нұрсұлтан Назарбаевтың басын қояйық, қыранның орнына иығын қояйық» деп.

    • Онда біздің депутаттар дүрлігетін болады. “Қырғыз елінің туы бізге ұқсап барады, біз оларға ұқсамайтындай етіп өзгертуіміз керек. Біз Күннің орнына Нұрсұлтан Назарбаевтың басын қояйық, қыранның орнына иығын қояйық” деп.

  4. Басшылыктын бабын тудын тусинде болса, айыркалпакты агайынга жалры тудын кереги не? ертен тагы бир баленин ушы коринсе ойбай кок тустен болды, казактардын тили тиди дер! оганда сол айыр калпактарын кокке лактырып, шашагын желбиретип журе бермей ме! Тубинде жутылатын халык озин-ози куртады осылай журип, бугин бизидин туга уксатса, ертен оздери-ак биздин тудын астына келеди! Кыргыз деген бир облысымыз болуы мумкин……….

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s