Батыстық үлгіде той көйлегін киіп келгендерге мешітте неке қиылмайды

Батыс үлгісінде көйлек киіп мешітке келген жас жұбайлардың некесі қиылмайды. Астанада имамдар осындай ереже бекітті. Бұған дейін бұндай шектеу қойылмаған. Жұрт қалаған көйлегімен, керек болса той үстінде киетін алды-арты жалтыраған қалыңдық көйлегімен де келе беретін еді. Енді жаңа ережеге мойынсұнғысы келмегендерге бір ғана жаза – олардың некесі қиылмайды. Діни басқарма осындай ереже бекітіп қана қоймай, оны қатаң қадағалауға көшкен тәрізді. Садуақас қажы Ғылмани атындағы мешіттің найб-имамы Мәмлүк қажының айтуынша, себебі соңғы кездері неке қию шарттарын бұзушылар күрт көбейіп кеткен. Сондай-ақ, үйленетін күні мешітке келіп неке қиюға да тыйым салынған. Сол күні қалыңдықтар көкірегі мен қолтығы жалтырап, етегі тізеден жоғары көйлек киіп келгенді қойып, мешітке удай мас болып келіп неке қидыратындар да табылып жатады. «Амалсыз осындай қадамға баруға тура келді», – дейді мешіт қызметкерлері. Бірақ, «иман көйлекте емес – жүректе», деп өздерінше пәтуа жасаушы жастар да табылары анық. Расында батыстық үлгідегі той көйлектерінің негізі сонау христиан дінінде жатқанын аңғара бермейміз. Фатаны кезінде христиандар мен католиктер діни жоралғылар кезінде кигені белгілі. Дерек көзі «31 арнадан» алынды

Advertisements

23 responses to “Батыстық үлгіде той көйлегін киіп келгендерге мешітте неке қиылмайды

  1. Шешім дұрыс-ақ. Бірақ, елімізде арнайы ұлттық киімде тігілген қалыңдық пен күйеу жігіттің киім үлгілері салондарда сатыла бермейді, тапсырыс беріп тіктіретіндер ғана кездесіп жатады.Бәлкім, үлкен қалаларда бар шығар, өз басым Семейден көрген емеспін. Жалпы, осы мәселе ұлттық нақышты дизайнерлер тарапынан қолға алынса және қарапайым халыққа қолжетімді,тиімді бағада салондардан орын алса, сіз жазып отырған жайтқа қатысты, мешітте де жастарымыздың некесі еш кедергісіз қиылар еді.

    • Баға тиімді. Менің тойымдағы көйлекті, қыздың да, өзімнің де көйлегімді 75 мыңға тіктірткем. Қазір сол христиандардың көйлегінің өзі осы баға болады.

  2. Шешімді құптаймын, мешітке келгесін ашық-шашық келмеген дұрыс. Сосын, неке қию шешімінің заңдылығын АХАТ-тағыдай қылса. Ал, ұлттық киімді іздеген адам табады деп ойлаймын.

  3. Jalpy batystyk koilek degen kandai koilek? Oitkeni batsytyk koilekterding bari ashyk shashyk emes. Eger bul Christian, Jewishterding koilekteri bolsa onda olar negizi jabyk bolady.

    Ulttyk koilek bolsyn dep shart koimau kerek. Jabyk bolsa boldy. Bolmasa Urimtal aitkandai ar meshit ozderine koilek azirlep koiu kerek.

    Khosak aitkandai, ulttyk kimdi izdegen tabady. 2008 jyly Koreada jurip men tauyp algan ulttyk kimdi, KZ de turyp taba almaisyngdar ma : )?

  4. Удай мас болып келііп мешітке некесін қидырады. Ойбайй сұмдық қой көзіме елестетіп көрсем.

  5. …бұл аз, сосын жұмадағы намазда еркектермен араласып жүретін, қысқа киіп, құран оқып беріңіз деп қиылып тұратындарға да түсіндіру керек сияқты. Мешіт алланың үйі, иман жүректе, алайда, талап-үкім туралы да ойлану керек емеспе? Тіпті болмағанның өзінде, мәселеге мешіт этикасы тұрғысынан қарау керек шығар…

  6. Мешітке осындай өміріңнің маңызды күнінде ашық-шашық келу ,әрине, дінге деген үлкен құрметсіздік. Осы тұста Батыс елдер идеологиясының күші зор болып отырғаны ғой… Шектеу қойылғаны дұрыс-ақ! Мен өзім қазақ қыздарының қазақи сәнді көйлектерін, сәукелелерін киіп тұрмысқа шыққандарын қалаймын…

  7. Сосын, анау жас жұбайлардың артынан еріп келетін өңкей етегі ашық, есінен айрылғандарды да кіргізбеу керек. Есіктің алдына тентек шалды таяқ ұстатып отырғызып қою керек. Бұты ашық келген қыздарды бір шыбықпен тұқыртатын!

  8. Бұл дұрыс қабылданған шешім. Енді оны ақпарат құралдары арқылы барлық елге құлақтандыру қажет. Әйтпесе мешітке келіп тұрған қалыңдықты садақа үшін тағыда некесін қиып жіберуіә мүмкін.

  9. елде діни рефома жүргізу керек сияқты… қандай дін болмасын барлығының өз сұрауы мен талғамы болар… көп ұлтты, зайырлы қоғамда өмір сүретін мемлекетпіз ғой, әр дін өкілінің жалпы адами құқығын аяққа баспай, өз кезегінде тәртіптің болуын қадағалайтын бір ережелер, кодекстер, бір сөзбен заң болса, шіркін!

  10. Оте дурыс шешим! казирги жастардын коби ак неке деп мойын сунып журген жок! калауларын некесиз де жузеге асырып алек, уялмай кеин мешитке неке киюга келеди, болары болып, бояуы синген сон. Енди тым болмаганда мешитке адамдык иманы, парызы жетпесе, занга, ережеге багынып келсин.

  11. жақсы екен, негізі ұзатылу тойында ғана ұлттық нақышта киюші еді…енді өзгеріс болар…

  12. Оте орынды, дурыс. Мен толыктай косыламын. Иман койлекте емес -журекте дейтіндерге айтарым… Арбір журегінде иманы бар адам койлегін дурыстап киер еді, Иншаллаһ.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s