Шайтан-шоқпар немесе Қазақстанда жасалған аса құпия қару туралы…

Иа, қағыс естіген жоқсыз. Қазақстанда құпия қару жасалыпты. Әзір оның «шайтан-таяқ» деп аталып жүргенін ғана естіп-біліп отырмын (ресми-бей ресми екенін біле алмадым). Шайтан-таяқ… дұрысы шайтан-шоқпар туралы қазірдің өзінде батыстың белді басылымдары шуылдап жазып жатқан секілді. Тіпті ғаламтор бетінде аңызға бергісіз бейне-жазба да жүр. Енді сол бейне жазбаны көріңіздер: Оқуды жалғастыру

Advertisements

Судьялар да стриптиз билей ме?

Естімеген елде көп. Соттар да стриптиз билейтін болыпты. Әуежайдың тексеру бекетінің қызметкерлеріне қарсылық ретінде Алматы қалалық Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Марат Мақсұтов бекеттен жалаңбұт өткен. Ең қызығы бұл «стриптиз» қалың жұрттың көзінше болған. Оқуды жалғастыру

«Азиада алаугері» қылмыскер болып шықты

Алматының Қалқаман ықшамауданындағы қанды қақтығыстың жаңғырығы әлі де басыла қойған жоқ. Кеше осы қылмысқа қатысты жаңа мәлімет пайда болды. Полицейлер қырғынды ұйымдастырған қылмыстық топтың тағы бір белді мүшесін қамауға алды. Күдікті анау-мынау емес, шығыс жекпе-жегін жетік меңгерген спорт шебері Долкун Мамедов болып шықты. Мамедов мырза осы қыста елімізде өткен Ақ ойындар кезінде Азиада алауын алып жүгіріп өткен болатын. Оқуды жалғастыру

Сенаттағы «шок!» немесе Жоғарғы соттағы «төңкеріс»

Атам қазақ жеке ел болып, тәуелсіздік алғалы болып көрмеген оқиға. Парламенттің жоғарғы палатасы Сенатта кеше ерекше жағдай болды. Кешке қарай шұғыл түрде Сенат отырысы шақыртылды. Отырғандар арасында сымдай тартылып Қаржы полициясының төрағасы Қайрат Қожамжаров пен Жоғарғы соттың төрағасы, бұйығы мінезді Мұсабек Әлімбеков көрінеді. Жұрт аң-таң. Депутаттар да біріне-бірі қарайды. Көп кешікпей жылыстап есіктен президент әкімшілігінің төрағасы Аслан Мусин енді. Оқуды жалғастыру

Қазақ елі «Мәңгілік Президентін» осымен төртінші рет ұлықтады

Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кезекті инаугурациясын өткізді. Нақтырақ айтсақ, Қазақ елі «Мәңгілік Президентін» осымен төртінші рет ұлықтап отыр. Оқуды жалғастыру