«Азиада алаугері» қылмыскер болып шықты

Алматының Қалқаман ықшамауданындағы қанды қақтығыстың жаңғырығы әлі де басыла қойған жоқ. Кеше осы қылмысқа қатысты жаңа мәлімет пайда болды. Полицейлер қырғынды ұйымдастырған қылмыстық топтың тағы бір белді мүшесін қамауға алды. Күдікті анау-мынау емес, шығыс жекпе-жегін жетік меңгерген спорт шебері Долкун Мамедов болып шықты. Мамедов мырза осы қыста елімізде өткен Ақ ойындар кезінде Азиада алауын алып жүгіріп өткен болатын.
Иа, ол кезде Олимпиаданың қасиетті алауын қылмыстық топтың білдей бір мүшесі алып жүгіріп бара жатқанын ешкім білмеген. 30 жастағы кикбоксшы Долқын Мамедов Алматыдағы 5 адамның өліміне қатысы бар қарулы қылмыстық топтың мүшесі болып шықты. Арнайы операция барысында «Сұңқар» арнайы жасағының 11 қызметкерін жайпап салған Долкун Мамедов қапыда қолға түсіп тынды. Бүгінде Долқын Мамедов тергеу абақтысында отыр. Ол өзі мүше болған қандықол топтың Қалқамандағы атыстан бөлек, басқа да қылмыстарға қатысы бар екенін мойындаған. Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің сөзіне қарағанда олар 2009 жылдың ақпан айында Түркісіб ауданында бір кәсіпкерді өлтірген. Кәсіпкерді бопсалап ақша сұраған. Артынша атып өлтіріп кеткен. «Бұл қылмысқа жауап беруі тиіс. Кім болғаны бізді қызықтырмайды. Ол тиісті жазасын өтейтін болады», – дейді ол.
Тақырыпқа тұздық:
Ирак Елекеев, Қазақстандағы кикбокс федерациясының президенті һәм мәжіліс депутаты:
Спортшының қарақшы болып шыққаны қазақ спортына дақ түсіргені рас. Бірақ оның біздің федерациямызға үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Баяғыда Алматыда жүрген кезде біздің кикбоксинг чемпионатына қатысқан. Қазақстанның чемпионы болғаны да рас. Бірақ оның өзі тайбоксер. Бізге ешқандай қатысы жоқ. Ол ешқандай факелді ұстаған жоқ. Әлгі секьюрити дей ме? Күзетші ретінде қатысқан екен.

Advertisements

13 responses to “«Азиада алаугері» қылмыскер болып шықты

  1. Солай ғой. Олай болмаса, несі бар мұсылманға оқ кезеніп. Олар намаз оқымайтындардың бәрін кәпірлердің қатарына қосып, жиһад жарилауға құлшынып тұрады ғой!

  2. Азиада алауы түгіл, ел тізгінін ұстап жүрген қылмыскерлер де бар ғой бізде. Өз басым таңғалған жоқпын.

  3. жыным келет ес же. улты кым кен?
    Таиландта ушкыштарды устады гой карумен, Казахстаннан деп айтылды. олардын казак емес, баска улттын тормоздары екены айтылмады. Александр Зрыбнев, Виктор Абдуллаев, Виталий Шумков и Ильяс Исаков – есымдеры… мен арине казак деп катып калмайм арине. оз елым Казакстан ушын кейде осындайларга карап «карным ашып кетет» ((

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s