Судьялар да стриптиз билей ме?

Естімеген елде көп. Соттар да стриптиз билейтін болыпты. Әуежайдың тексеру бекетінің қызметкерлеріне қарсылық ретінде Алматы қалалық Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Марат Мақсұтов бекеттен жалаңбұт өткен. Ең қызығы бұл «стриптиз» қалың жұрттың көзінше болған.
Оқиға 13-сәуір күні Алматы-Амстердам рейсіндегі жолаушыларды тексеру кезінде болған. Кейбір деректерге қарағанда, бұрын-соңды ешкім бетіне қарсы келіп көрмеген экс-судья Марат Мақсұтов метал сезгіш құрылғыдан өту барысында қызметкерлердің «белдігіңізді шешіп өтіңіз» (тәжіріибеде солай) деген сөзіне шырт ете қалған. Белбеудің орнына аяқ киімі мен шалбарын шешіп «ерлік қылған» Мақсұтов мырза бекеттен қасқайып тұрып өткен ғой. Сосын қызметкерлерге қалтасынан өзінің бұрынғы қызметтік куәлігін шығарып сес көрсетіп алып, күту залына қарай аяңдап кете барған. Бір қызығы ол өзін «Әуезов аудандық сотының судьясымен» деп таныстырған. Ал шын мәнінде Мақсұтов Алматы қалалық Медеу аудандық сотының экс-судьясы.
Бұл оқиғаға қатты таңқалған әуежай қызметкерлері бақылау бекетінде түсіріліп алынған стриптиз бейне жазбаны «Көтенгазет» атанып жүрген «Время» газетіне салып жіберген екен. «Көтенгазет» болмаса стриптиз билеген судья туралы ешкім естіп білмей қалар ма еді кім білсін?

Advertisements

11 responses to “Судьялар да стриптиз билей ме?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s