Шайтан-шоқпар немесе Қазақстанда жасалған аса құпия қару туралы…

Иа, қағыс естіген жоқсыз. Қазақстанда құпия қару жасалыпты. Әзір оның «шайтан-таяқ» деп аталып жүргенін ғана естіп-біліп отырмын (ресми-бей ресми екенін біле алмадым). Шайтан-таяқ… дұрысы шайтан-шоқпар туралы қазірдің өзінде батыстың белді басылымдары шуылдап жазып жатқан секілді. Тіпті ғаламтор бетінде аңызға бергісіз бейне-жазба да жүр. Енді сол бейне жазбаны көріңіздер:

Диктордың беріп жатқан коментариіне қарағанда, бейне-жазбадағы көрініс оөткен жылдың наурыз айының соңында еліміздегі әскери полигондардың бірінде түсірілген. Сценарий бойынша ішінде содырлар отырған автобус баса көктеп келе жатыр. Оны жолдан ауыр әскери техника БТР кесе-көленең келіп тоқтатады. Сол кезде арнайы жасақ қызметкерінің бірі Алпамысша айғайлап келіп қолындағы шоқпарымен автобусты қойып қалады. Іле-шала сұмдық жарылыс болып, автобустың дал-дұлы шыққаны. Автобустың төбесі бір жаққа, есік-терезелі бір жаққа ұшып барады. Сонымен бұл не болды? Шайтан-шоқпардың құпиясын әскери мамандардың өзі түсіне алмай дал болып отыр-мыс! Тіпті диктор баланың өзі: «…арнайы жасақта не жоқ дейсің? Бірақ тиіп кетсе қас дұшпанын қақыратып жіберетін таяқтың барын білмеппіз…» деп айды аспанға шығарып отыр. Айтуынша, қазақ елі осындай құпия қарудың неше атасын баяғыдан бері қолданып жүрген көрінеді.
Расында, бұл не болды екен? Әдейі ұйымдастырылған шоу ма, әлде техникалылқ кателіктен болған жарылыс па? Сіз қалай ойлайсыз?

Advertisements

18 responses to “Шайтан-шоқпар немесе Қазақстанда жасалған аса құпия қару туралы…

  1. Біздің өнертапқыштардың жасаған дүниесі елімізде қолдауға ие болмай жатушы еді. Жарылысқа шоқпардын ешқандай қатысы жоқ деп ойлаймын.

  2. Өткенде ғана «Сұңқарымыздың» нендей күйге түскенін көрдіңіздер ғой. Негізі бізде әскери сала дамымай жатыр. Мына жайға келсек.
    анандай жарылыстан іштегі кепілдегілердің аман қалуы неғайбіл. Тероршылардың қолынан өлдің не, құтқарушыңның қолынан өлдің не бәрібір.

  3. Енді… біз де мемлекетпіз ғой. Біздің қауіпсіздігіміз үшін жасалып жатқан дайындық шығар. Ал ресейдің бұда не шаруасы бар екен?

  4. Бұл осыдан бір жылдай бұрын Алматыдағы спецназдар арнайы тобының террористік әрекеттерге дайындық жасау кезінде түсірілген кадрлар. Автобусты жарған шайтан таяқ емес, ол қашықтықтан басқарылатын жарылыс қондығысы.

  5. Біздің әскерге қайдағы бір секталардың дәріс оқып жүргенін көрдіңіздер. Бұдан кейін қайдағы ғажайып туралы айтуға болады?

  6. қайдан жарса да бәрібір ғой, әйтеуір Қазақ жарды! мұндай видеоларды көбейте беру керек! қорқа берсін алыстағы азулылар…..!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s