Бүгін «ақиық» блогы бір жасқа толды

«Алаш баласы үшін жағымды жаңалық» деп даурықпай-ақ, қояиын. Былтыр мамыр айының 28-і күні «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының бастамасымен өмірге келген блогым бір жасқа толып отыр. Ең  алғашқы жазбамды дәл сол күні «Сәлем, әлем! Өмірге тағы бір болг-сайт қосылды» деп қосыппын. Оқуды жалғастыру

Хандар мекеніне саяхат немесе кадрдан тыс сәттер … (жалғасы)

Сонымен әрі қарай кеттік. Алда – Малшыбай ауылы тұр. Жезқазған қаласының әкімнің көмекшісі, белгілі журналист Еренғайып Қуатайұлы «сендерді Малшыбай ауылындағы ақкөңіл ағайын марқасқа тай сойдырып, майдың балдай сары қымызын сапырып күтіп отыр екен» деп құлақтандырып үлгерді. Пах-шіркін! майдың қымызы, тайдың бағлан етін естіген соң ішегіміз шұрылдап қоя берді. Оқуды жалғастыру

Хандар мекеніне саяхат немесе кадрдан тыс сәттер…

             …Автобусымыз көз жетпес сахараны қақ тіліп келеді. Алда – Алаштың атақты хандары мен абыздары жатқан киелі өлке. Іштей абыржу бар. Сан ғасырлық тарихы бар мазарлар мен арыстарымызға мәңгілік тұрақ болып қалған қасиетті мекенді көруге келе жатып қалай толқымассың? Оқуды жалғастыру

Көкшеде ұмыт қалдырылған Абылай ханның тойы Ұлытауда ұлықталды

«Ұлытауға бардың ба, ұлар етін жедің бе?» Бұл өзін көк түріктің ұрпағымын деп есептейтін кез келген қазақтың жүрегіне жақын сөз. Себебі бұл жерде қазақ мемлекетінің негізі қаланып, анталаған дұшпанға сес көрсетудің алғышарттары жасалды. Осы жерде халқымыз өз хандарын ақ киізге көтеріп, хан сайлады. Сол Ұлытауда ата қоныс жер үшін атқа мініп, ел аманатын арқалаған даңқты ханымыз Абылайдың 300 жылдығы тойланып, еңселі ескерткіші бой көтерді. Айтулы мерейтой қарсаңында Жезқазған қаласы әкімінің бастамасымен журналистерге саяхат-тур ұйымдастырылып, Ұлытаудағы тарихи орындарды аралап қайттық.
Енді осы саяхат-турдан көрген білгендерім туралы: Оқуды жалғастыру

Уолт Дисней «Тачка-2-ны» қазақша сөйлетіп отыр

Маусының жиырма үші күні бүкіл әлемде атақты Уолт Дисней студиясының «Тачка-2» анимациялық фильмінің премьерасы болады. Бір ерекшелігі, бұл күні аталмыш мультфильм елімізде қазақ тілінде сөйлемек. Ең өкіншітісі, мультфильмді қазақша аудару бастамасын отандық мамандар емес Уолт Дисней аниматорлары көтеріпті. Оқуды жалғастыру

Блогкэмп «жаңғырығы»

Кеше күн жексенбі болғандықтан ішім пысып, ұялы телефонымды ақтарып отырғам. Осыдан бір жылдай бұрын түсірілген суреттерім мен бейнежазбаларды дөңгелетіп отырып талай қызықты жазбаларға тап болдым. Ішінде Азиаданың ашылу салтанатында түсірілген жазбалар да жүр екен.
Біріқ, ең құндысы – Қазақ блоггерлерінің алғашқы құрылтайында түсіріп алған бірнеше минуттық жазба тапқаным. Микрофлештің беймәлім қуысында тығылып жатқан жәдігерді тұмшалай бермей, қалың жұртқа жариялауды жөн көріп отырмын. Ұмытпасам, құрылтайдың бірінші күні кешке қарай валейболдан өткен турнирден кейін түсірілген кадрлар. Асықпай қарап, көріңіздер…

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА 20 ТҮП АҒАШ ЕГІЛДІ

Халқымыз «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» немесе «ер азаматқа ең алдымен ұрпақ өсіріп, үй салып, ағаш отырғызу парыз» деп жатады. Сол бабаларымыздың жолымен 30 сәуір күні Астана қаласындағы біраз ерікті жастар жиналып, Есіл өзенінің сол жағалауындағы «Арай» саябағында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне 20 түп ағаш отырғыздық. Оқуды жалғастыру