ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА 20 ТҮП АҒАШ ЕГІЛДІ

Халқымыз «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» немесе «ер азаматқа ең алдымен ұрпақ өсіріп, үй салып, ағаш отырғызу парыз» деп жатады. Сол бабаларымыздың жолымен 30 сәуір күні Астана қаласындағы біраз ерікті жастар жиналып, Есіл өзенінің сол жағалауындағы «Арай» саябағында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне 20 түп ағаш отырғыздық.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл, Берік Уәли, Алтынбек Әбіш, Максим Рожин, Төлен Тілеубай, Ерболат Қамен, Әли Қалиқан, Нұрбол Байымбет, Есенгелді Әкімұлы, Фазылбек Әбсаттарұлы секілді біраз азаматтар ат салысты. Сауапты іске білек сыбана кіріскен азаматтар айналасы бірнеше сағаттың ішінде 20 тал отырғызып үлгерді. Бәрінің қуанышында шек жоқ.  Арасында армандарымен бөлісіп қояды. Бірі «20 тал жайқалып өскенде бабаларын ертіп келіп демалып тұрамын» деп жатса екіншісінің болашақ жарына өзі еккен тал түбінде сезімін білдіретін ойы бар екен. Әрине, әр кәлләда бір – қиял, мың арман бары белгілі. Алайда, сол арман-мұраттардың негізгі арқауы ұлттың болашағы мен елдің тыныштығы мәселесі айналасында топтасып жатады емес пе? Ағаш егіп болған соң еріктілер өздерінің қуанышты жаңалықтарымен, бизнес идеяларымен бөлісіп «әрбір қазақ бай болу керек, әр азамат өз ұлтының қамы үшін күресу керек» дегенге тоқталды. Барлығы бірауыздан биылдан бастап ағаш егуді ерікті түрде әдетке айналдыруға уағдаласып тарқасты.


 

Advertisements

14 responses to “ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА 20 ТҮП АҒАШ ЕГІЛДІ

  1. Мынау бір жағымды жаңалық екен. «Аялы ағаштарың саялы» болсын дейік!

    *Негізі, азаматтар қалада жүріп,әбден ақ саусақ болып кетеді, бір уақыт күрек ұстаған да жарасады екен…:)

  2. Өте сауапты бастама болған екен. Жас талдарын жетіліп өскенде, оның саясына біреу (мейлі аң-құс болсын) демалса, сауабы сіздерге болмақ. Алла разы болсын!

  3. Бәрекелді жігіттер! Дегенмен, қазақта бұрын «атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген мақал болмаған. Бұл Кеңестік сенбіліктерден қалған мақал. Егер Абылай заманында осныдай мақал болса, қазақ даласы ну орманға айналар еді ғой. Қазақ «мал-жан аман ба?» деп алдымен малды сұрап отырып, «мал қалмасын, тал қалсын» деуі ақылға сия қоймас. Бұл енді бір мақалға қатысты пікірім. Бірақ, жасаған еңбектеріңді мансұқ ету ниетім жоқ. Сауапты іс бұл.

  4. Керемет! Блогкемп футболкасын шешепейтін болдыңыз тіпті. Пойызда да сомен жүрдіңізі ғой))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s