Хандар мекеніне саяхат немесе кадрдан тыс сәттер…

             …Автобусымыз көз жетпес сахараны қақ тіліп келеді. Алда – Алаштың атақты хандары мен абыздары жатқан киелі өлке. Іштей абыржу бар. Сан ғасырлық тарихы бар мазарлар мен арыстарымызға мәңгілік тұрақ болып қалған қасиетті мекенді көруге келе жатып қалай толқымассың?

                Осындай оймен Жошы ұлысының негізін қалаған Жошы хан кесенесіне  келгенімізді байқамай қалдық. ХІІ-ХІІІ ғасырда бой көтерген алып кесене әлі сыр бермепті. Әлкей Марғұлан қазба жұмыстарын жүргізгеннен кейін біраз қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Сол реставрациядан кейін мазар еш өзгертілген жоқ. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының осы жерде жерленуі кездейсоқ болмаса керек. Кейін бұл аумақ «Жошы ұлысы» аталды. «Оны негізінен балталы-бағаналы наймандар құраған» дейді дерек көздері.

 Осы ретпен киіз үй формасында тұрғызылған Домбауыл кесенесі мен Алаша хан мазарын аралап шықтық. Жұрт арасында «Домбауыл – Шыңғыс ханның мергені, қолбасшысының бірі екен деген аңыз бар. Жошыны құлан тарпып өлтірген соң, қос атқа кезек мініп, Сарыарқадағы құландарды қынадай қырыпты» деседі. Бәлкім, бұл ақиқат та шығар. Себебі Домбауылдың құпияға толы тас кесенесі Жошының жанында жатыр. Дегенмен кесенеге қатысты ортақ түйін әлі жоқ.

Ал Кеңгір өзені бойында жатқан Алаша ханның мазары талайдың таңдайын қақтырып келеді. Сейсмикалық жағынан әлемнің кез келген құрылымымен бәсекеге түсе  алатын бұл  құрылыстың қабырғасының ортасында бір адам емін-еркін сыятын қуыс бар екен. Сол қуыстағы баспалдақ арқылы кесененің ең басына шығып, маңайға көз салдық. Әр жерде үйілген төмпешік қорымдар. Бәлкім, мұнда да ел қорыған батырлар жатқан болар деген оймен бет сипап, аруақтарға құран бағыштадық

Айтпақшы мына сурет хандар еліне саяхат жасаған экспедицияның толық құрамы. Ішінде кім жоқ дейсіз…?

жалғасы бар… 






Advertisements

3 responses to “Хандар мекеніне саяхат немесе кадрдан тыс сәттер…

  1. Бүркіт жол жазбаларыңды оқып шықтым. Өте тамаша жазыпсың. «Алаш Айнасы» газетіндегі мақалаңды да қарадым. Негізі жазушы болатын жігітсің… Еркін Қуатайұлы

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s