Хандар мекеніне саяхат немесе кадрдан тыс сәттер … (жалғасы)

Сонымен әрі қарай кеттік. Алда – Малшыбай ауылы тұр. Жезқазған қаласының әкімнің көмекшісі, белгілі журналист Еренғайып Қуатайұлы «сендерді Малшыбай ауылындағы ақкөңіл ағайын марқасқа тай сойдырып, майдың балдай сары қымызын сапырып күтіп отыр екен» деп құлақтандырып үлгерді. Пах-шіркін! майдың қымызы, тайдың бағлан етін естіген соң ішегіміз шұрылдап қоя берді.
Айтпақшы, бұл сапарымызда сары қымыз бен жылқының етінен кенде болған жоқпыз. Ұлытауда төрт жыл айғыр көрмеген байтал сойып қарсы алғанын қалай ұмытамыз? Төрт жыл айғыр көрмеген байталдың еті!  Әлі күнге дейін түсіме кіріп жүр… «Айғырдың көрмеген қызығын, журналисттер көрді-ау?» деп Макең (өзіміздің Максим Николаев қой) айтпақшы, бұл сапарымызда не көрмедік десеңізші? Қымызға бөгіп алған соң «Жошы бабамыз ат шалдырып, аунап-қунаған жер-ау» деп суы мұздай Кеңгір өзеніне бір сүңгіп шықтым.

Пы сы: Осымен тоқтай тұрайын деген ойға келіп отырмын. Әрі қарай фото-рефортаж кетсін:

Малшыбай ауылына келіп жеттік…

 Көз талдырып терезеге үңілгенімізбен дала еркесі акбөкендерін көре алмадық. Ақыры іздегенімізді Жезді кентінен таптық. Ен даладан емес – мұражайдан! 

Киіктерге шөп беріп отырмын… 

 Мынау үш батыр – тас таяқ шеберлері.

Сәтбаев қаласының әкімі ұйымдастырған бильярд турнирінде осы үшеуі топ жарып шықты…

Байқоңыр адамы. Тастағы бейне…

Сырт келбеті адамнан гөрі ғарыштан келгендерге ұқсайды.

 (Бәлкім бабаларымыз мыс балқыту ісін ғарыштан келгендерден үйренген болар…

 Бұл сурет Амангелді айтып жүргендей көне қыш-кірпіштерді баспен соғып сынап көргелі тұрған сәтім емес…

Алаша ханға тәу ету сәті 

 

Алаша хан кесенесінен шығып келемін…

(артымдағы аруақ емес Серік Жолдасбай деген журналшы жігіт) 

Снайпер-фотограф Еркін бауырымыздың қапыда қағып түсірген сәті болса керек…

(Оң жақта тұрған мен…)

Ерекең (Еренғайып), Бекең (Берік), Қакең (Қанат) Бакең (өзімді айтам) болып таңбалы тасқа қаң қалып тұрмыз…

 Жалғасы жоқ, осымен бітті! 

Advertisements

7 responses to “Хандар мекеніне саяхат немесе кадрдан тыс сәттер … (жалғасы)

  1. Осыдан артық саяхат бар ма,өз құндылықтарымызды бағалай білген жанға!

    p.s.Қымызға бөгіп алған соң «Жошы бабамыз ат шалдырып, аунап-қунаған жер-ау» деп суы мұздай Кеңгір өзеніне бір сүңгіп шықтым…

    Атам қазақтың қымызына тойып алған соң, Бүкең салқын суға бойұсынар емес…:)

  2. Жаңаның серілері серпілген екен ғой! Екең, Бүкеңдерге ет үйренген. Жезқазған жері Мәкеңдей серіні жатырқамай, жанын жадыратқан-ау!

  3. Төрт жыл айғыр көрмеген байталдың еті?
    Әлі күнге дейін түсіме кіріп жүр…
    «Айғырдың көрмеген қызығын, журналисттер көрді-ау?» деп Макең (өзіміздің Максим Николаев қой) айтпақшы, бұл сапарымызда не көрмедік десеңізші?
    ха-ха-ха ой, ішегім-ай! күлкіден жарылдым. Анау сары бала қатырған екен. Ой, ер! Шіркін сары орыстың бәрі осы Букең айтпақшы, Макендей болса????

    Беке, жарадыңыз! Бес қойдым…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s