Оразаларыңыз қабыл болсын!!!

Әне-міне күллі мұсылман атаулының жол бастаушысы – Құран Кәрім аяттары түсе бастаған қасиетті ай – Рамазан келіп жетті. Рамазан – Алла тағаланың мейірім нұры жауатын, шарапаты мол, iзгi ниеттi iске сауабы көп, жыл он екi айдың ең қадiрлі айы. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!!!
Ораза ұстау – мұсылман баласына міндеттелген бес парыздың бірі. Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін ораза ұстау сендерге де парыз етілді» – делінген («Бақара» сүресі, 183-аят).
Ауыз бекітерде айтылатын дұға:
«Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә. Аллаһу акбар!».
Қазақша мағынасы: Таңертеннен кешке дейін Аллаһтың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім. Аллаһ ұлық!
Ауыз ашарда оқылатын дұға:
«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту».
«Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».

Advertisements

2 responses to “Оразаларыңыз қабыл болсын!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s