АЛАШТАНУДЫҢ АЛЫБЫ 60 ЖАСҚА ТОЛАДЫ

Алдағы дүйсенбі, яғни, 15 тамыз күні алаштың ардақты ұлы – Тұрсын Жұртбай 60 жасқа толады. 1951 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданына қарасты Шаған ауылында дүниеге келген ол 1968 жылы Ж.Молдағалиев атындағы орта мектепте оқып, бітіреді. Сол жылы ЖОО түсуге мүмкіндігі болмаған бозбала Тұрсын Абай ауданына қарасты «Қызылту» кеңшарының 13 бөлімшесінде бухгалтер-есепші болып қызмет етеді. Тек бір жылдан соң ғана (1969-1974) қазiргi Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң журналистика факультетiнде оқу мүмкіндігіне ие болады.

Журналисттік қызмет жолын (1974-1976) Алматы облыстық «Жетiсу” газетiнің тілшісі болудан бастаған Тұрсекең бүгінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң жанындағы “Отырар кiтапханасы” ғылыми орталығының директоры. Әйтседе директор бола тұра өзге қатарластары сияқты жалтақтап жағымпазданған жоқ. Мәселен жарамсақтар «Елімізде елбасыны алмастыра алатын жан жоқ» деп шуылдап жатқанда Тұрсекең: «Бізде президенттікке мұрагер іздеу қылмыспен пара-пар саналады», деп «өзгеше» ой өрбітті. «Алаштың аманатына адал боламыз, оны жүзеге асырамыз десек, Қазақстан Халқы Ассамблеясын өзінің орнына қоюымыз керек. Халық Ассамблеясы жалған ғылым, жалған идеология, жалған насихатты дамытып отыр. Қазіргі кезде қоғамдық наразылықты да тудырып отырған осы Ассамблея. Қазақстан Халқы Ассамблеясы тарқатылмай Қазақ толық тәуелсіз мемлекет болмайды», – деген де алаштанушы ағамыз болатын.

«Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубында өткен дөңгелек үстелдің бірінде сенатор Ғарифолла Есім ағамызды «Тұрсын қайғы» деп атаған болатын. Кейінірек Тұрсын ағамыз бұл турасында «Жазушының міндеті – шіміркендіру, ойланту. Қазір шымшымасаң – шіміркенбейді. Бұл да бір әдеби тәсіл. Әйтпесе, сенатор Ғарифолла Есім айтқандай, «Тұрсын қайғы» атанып, атымды шығарайын деген ойым жоқ. «Қайғы шығар ілімнен» деген де бар емес пе. Соны академиктер неге ескермейді екен. Әлде… оларда уайым болмай ма?», деген-ді.

Ал қазіргі билікке көзқарасыңыз қалай деген оқырманның сауалына ол: «Бұрынғыша басқаруға болмайтынын біледі, дәл бүгін қалай басқарып жатқанын өзі де білмейді, ертеңгі күнді елестеткісі келмейді. Анығы: олар халықтан іргесін ажыратып алды, ғылымды да, білімді де, мәдениетті де бетіне жіберді. Тек «ақша» кіріпшығатын інді ғана аңдып отыр. Ашық мұхитқа бет алған айсберг сияқты жағадан алыстап барады. Оқшантайдағы оқсыз патрондарды ауыстыруды ғана ермекке айналдырған сияқты», деп жауап берген екен. Осы және өзгеде мәселелерге байланысты айтқан сындарына қайран қалған әлдебір оқырман: «Апыр-ай, мына Жұртбай жүрек жұтқан екен. Өткен тарихты «Үйсін мемлекетінен», бүгінгі тарихты 1991 жылдан бастап отыр деп ашық айтыпты. Нағыз зиялы осы Тұрсын екен, батыр екен, көзім жетті. Қазақтың зиялысы өлмепті, тәуба, бар екенбіз, нар екенбіз, ризамын!!!», деп ағынан жарылған ғой. 

Сол арыстай ағамыз міне 60 жасқа толып отыр.  Біздің мақсат ағамызды мақтау емес. Біздің міндет «алаш аманатын арқалаған азаматтың» 60 жасқа толғанын жұртшылыққа хабардар ету. Мерейлі мерекеңіз құтты болсын!

Жансерік Шүренбай  

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s