Ұры кім? Қазақ па әлде Қырғыз..?

Алатооның арғы беті мен бергі бетін қатар жайлап отырған қос ел – қазақ пен қырғыз ежелден тамырлас ел. «Қырғыздың да беті жап-жалпақ, қазақтың да беті – жап-жалпақ, екеуінің де бастарына кигені киіз ақ қалпақ» деп екі бауырлас ел кезінде құда болып ұлан-асыр той жасады. Алайда, бұл құдалық ұзаққа бармады. Бірінің ұлы, бірінің қызы ұрсысып қалып, екі жаққа кетті. Кейін сол құданың бірі тақтан ауып түсіп, сібір ауып кетсе, бірі әлі тың, тағында отыр. Бірақ, біздің айтпағымыз бұл емес. Тағдырдың ісі деп жақаурата салайық…

Төскейде малы, төсекте басы қосылған сол қос ел неге екені белгісіз соңғы кездері бірге ойлап, бірге сөйлейтін болыпты. Кезінде Қырғыз ағайындар қазақтың аспан түстес көк байрағының көшірмесін жасап төріне ілеміз деп елді бір рет шулатқан болатын. (суретте бірнеше нұсқасының жиынтығы)

Енді міне бір-бірінің өкшесін баса Көксау империядан өз еншісін қатарлас  алған екі елдің Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған логотипі де егіз қозыдай ұқсас болып шыққан. Сәйкестік пе әлде тағы да тағдырдың ісі ме? (суретте) Айырмасы – түсінде ғана: бірі ақ, бірі көк…

«Ақиықтың» дерегі:

Қырғыз халқы өзінің тәуелсіздігін 31 тамызда атап өтсе, қазақ халқы 16 желтоқсанда өзінің Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтеді.

Бұл жұмбақтың шешімін сіздерге қалдырдық. Жауабын өздеріңіз таба жатарсыздар. «Ұқсастықта тұрған не бар?!» дейтіндер де табылар. Әрине, оған талас жоқ. Тек, тағдырымыз ұқсамасын деп тілейік!  

Advertisements

9 responses to “Ұры кім? Қазақ па әлде Қырғыз..?

  1. Көшірме жасап өзгеге ұқсағысы келетіндер көп қой бүгінде. Бірақ, тек сыртқы бейнемен іс біте ме? Форма теңескенмен, мазмұн теңеспесе «көшірме жасаушылардың» ол еңбегінің бәрі де желге ұшып кеткенмен тең.

  2. кышыгырым бы фирмалар ыстерын жургызу ушын атакты маркаларга уксатып аттарын койып жтады. онын озы дау дамай болып, соттасуга дейын барып жатады.
    ал мынау жеке быр мемлекет, быр улт .. жеке быр ел бола тура оз ойларынын болмаганы ма сонда?

  3. өте қызық жағдай екен. Қырғыз бауырларымыздың пікірін білдіру үшін neweurasia.net сайтына жазбаңды көшіріп жарияласам, қалай қарайсың?

  4. Қайтарма үнқосу: Настар Мамай: Шықаңа ескерткіш орнатам деген ой үш ұйықтасам түсіме де кірмеген еді « Розатайдың блогы

  5. НегІзі бауырлас халықтың дүниетанымы бір. Мәдениеті бір ортадан шыққан. Сондықтан болар екі елдің рәміздерінің ұқсастықтарына қуана қарау керек. Басқа славян, парсы текті халықтардың нақышына ұқсаса қайтер едік. Тек осы ұқсастықты тауып алып, жалғанға екі халық бірінен бірі ұрлап алыпты дегенге саятын пікір білдірушілердің не көздегені көзіқарақты адамға түсінікті секілді.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s