Курорт-түрме

Көңіл хошына қарай түрліше көсілте салатын Менің Президентім Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің қос палатасының біріккен отырысында «елімізде ізгілендіру шаралары сәнге айналып кетке кетті», – деп салды. Айтуынша, соңғы жылдары түрме атаулының бәрін «курорт қыламыз» деп жүріп жалпы тәртіпті қожыратып алыппыз. Әбден есірген түрмедегілер керегінше есірткі шегіп, қару асынып жүретін болған. «Бас бостандығынан айыру орындарына қару-жарақ, пышақтар, есірткі секілді не керектің бәрі жөнелтіліп жатыр», – деп атап өткен менің Президентім тәртіпті қатайту керектігін нығыздап тұрып айтты. Оқуды жалғастыру

Жар таңдаудың азабы немесе заманға сай ҒИБРАТНАМА

Ертеректе атағы әлемге жайылған  бір патшаның ай десе аузы, күн десе көзі бар әсем қызы болыпты. Қыз бой жетіп, тұрмыс құрар шақта, ешкімді менсінбей жүре беріпті. Көрші елдің ханзадалары  мен  бай-манаптың  ұлдарын да ұнатпай, мұрнын шүйіріпті. Оқуды жалғастыру