Қарқаралының қарғасы да «Алла» деп қарқылдайды…

Қарағанды облысының  Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ елді-мекенінің тұрғындары ерекше құбылысқа куә болып отыр. Ауыл қарғалары өз туыстастарынан ерекше – «Алла» деп қарқылдайды екен. Тылсым құбылысқа алғашында ешкім мән бере қоймаған. Бірақ таң рауандай бере,  құс «Аллалап» азан шақыратынын естігенде ауыл тұрғындары өз құлақтарына өздері сенбепті. Бұл көрініс қайталана берген соң тұрғындар аңдып жүріп «азаншы ала қарғаны» бейнетаспаға түсіріп алған.

«Бұл қарғаны ең бірінші рет біз екі ай бойы, аңдып, таңғы жеті кезінде түсірдік. Бұл қарға төрт рет «Алла» деп айтады. Енді одан кейін тағы басқа қарғалар бар еді оны таба алмадық.Жүрді бірақ біздің ыңғайымыз келмеді. Екі айда бір-ақ рет түсірдік», – ауыл тұрғыны Ернұр Төлегенов. Ал Қайыр Рахметуллин деген азаматтың айтынша, тағы бар ала қарға  «Аллаһ» деп дыбыс шығарады екен.

Десе-де қарғалардың Алла деуі адамдар үшін ескерту. Қарға екеш қарға да құдайына өзінше құлшылық қылып жатқанда тұрғындар да тәубеге келіп, имандылыққа бет бұру ләзім дейді дін өкілдері.

Advertisements

One response to “Қарқаралының қарғасы да «Алла» деп қарқылдайды…

  1. Адам атаның ұлы Қабыл өз інісі Әбілді өлтіріп алғандығы жер бетіндегі адам баласының ең алғашқы өлімі ретінде Құранда баяндалады. Бауырын өлтіріп алған Қабыл енді не істерін білмей әбдіріп тұрғанда, адам баласына Алла Тағала қарға арқылы мәйітті топыраққа жерлеуді үйреткен еді. Бәлкім, бұл қарғалар біздерге Алланы ұлықтаңдар деп, хабар беріп жатқан шығар.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s