Жанна Фрискеге өлердей ғашықпын…

Жақында Қарағандыда жақын сыйласып жүрген достарымның бірі Астанаға қыдырып келіпті. Кеншілер қаласы таяқ тастам жерде тұрса да бас қалаға бірінші рет келіп тұрған беті. Астананың көркем жерлерін аралатып көрсеттім. Астананың түнгі көрінісін тамашаладық. Сосын ішімізге ел қондырып алайық деп, Абай-Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы «Т… н» (Блогта тегін жарнама жасалмайды…((( ) деген дәмханаға бас сұқтық. Содан не керек, әңгімеге ойыстық: «Жасымыз біразға келді. Бас құрау жайы ойда жоқ па?» деп адамша әңгіме қозғап жатсам Аман жарықтық: (Әйтеуір аман жүрсін деп атын өзгертіп алып отырмыз – ред.) «Жанна Фрискеге өлердей ғашықпын» (!) дееееп қарап отыр.
Күлеміз бе, әлде жылаймыз ба? Жасы 28-ге келген соқталдай жігіттің сөзі. Сол жерде не дерімді білмей «… ой, ол кемпір ғой!» деппін. Ол болса «сен нені түсінесің?.. Сондай сұлу әйел!» деп ашуланбасы бар ма? Одан әрі әңгімеміз дұрыс өрбімеді. Сыртқа шығып, орналасқан үйіне апарып тастадым. Жол-жөнекей «қазақтың қызы құрып қалды ма? Қайдағы бір орыстың жартылай жалаңаш қ… нына ғашық болып…», – деп тиіскен болдым. «Кетші, ей! Қазақтың әдемі қыздары көп қой. Жай қалжыңдап жатырмын. Кез-келген өнер адамының шығармашылық талантын бағалау керек. Өмірде бір-ақ рет туатын адамдар болады. Мен Жаннаның өнеріне ғашықпын!», – деп біраз фәлсапа соқты.
Әрине, оған таласым жоқ. Өнерді өнер деп бағалау керек. Талантқа бас иеміз. Құрмет тұтамыз. Расы керек, табынатын да (өнерін айтам…) адамдарымыз бар. Бірақ, сол өнер иесіне ғашық болу керек пе? Әртіс пен актердің, жалпы кез-келген адамның әдемі көрініп, көрсететін өнеріне сай талғамды киініп, боянып шығуы керек. Бұнсыз тағы болмайды. Алғампаз көрерменнің сүйікті әнін труси киіп (бірақ кейбір қазақ әншілері сахнаға олай да шығып жүр…) немесе олпы-солпы күйде орындап тұруға болмайды.
Туу, не деп кеттім өзі! Сонымен Жанна Фрискеге оралайын. Ол біреулер Ресейдің маңдайалды жұлдызы, шоу-бизнестің поп ханшайымы болғанымен, біреулер үшін кемпір ғана. Ол ана. Немересін бағып, ұрпақ тәрбиелейтін жастағы адам. Түні бойы ойланып, ертеңінде ғаламтор бетін ақтарып отырып, Аманның «ғашығы» хас сұлу Жанна Фрискенің күнделікті өмірдегі, опа-далапсыз бірнеше суретін апарып көрсеттім. (суретте) Көрді дағы «Да, ну…!» деді. Сосын ол «бәрібір әдемі!» деп өтірік күле салды…
«Япырау, мына бала ұсақ-түйек жазып кетіпті-ау?!» деп сөге көрмессіздер, құрметті оқырман. Қалай болған күнде де, «жұлдыздарға табыну немесе ғашық болу» күйіп тұрған мәселеге айналып барады. ТВ арқылы ақылына көркі сай немесе үріп ауызға салғандай я болмаса, «мыңмен жалғыз алысқан» супер қыз-келіншектер жарнама-сарнамаланып жатады. Оны көрген адам әрине, бұзыла бастайды. Өзіне идеял іздей бастайды. Сосын қыздарымыз «ақбоз ат мінген ханзадасын» іздеп қиялға берілсе жігіттердің біразы «көлемі футбол алаңындай кеңсесі бар» супер келіншек іздеп шарқ ұрады…
Пы сы: Мейрамбекке «ғашық» қыздар мен Жениффер Лопеске «құлап» жүрген жігіттерге сабақ болсын деп жазып отырмын. «Идеялды» экранның жағынан емес бер жағынан іздеу керек! Су жаңа афоризм.

Advertisements

One response to “Жанна Фрискеге өлердей ғашықпын…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s