«Бас байке» таққа отырды

Алатооның ар жағында жатқан Қырғыз мемлекетінің жаңадан сайланған президенті Алмазбек Атамбаев бүгін ресми түрде өз қызметіне кірісті. Бүгін Бішкекте өткен ұлықтау рәсімінде Атамбаев өз халқының алдында «Құдай мен халық алдында мемлекет басшысы қызметін адал атқаруға, Конституцияны қатаң сақтауға, халықтың бірлігін, мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғаймын», – деп ант берді. Ұлықтауға Түркия президенті Абдулла Гүл, Грузия президенті Михаил Саакашвили, Ресей президенті әкімшілігінің басшысы Сергей Нарышкин, Тәжікстан үкіметінің жетекшісі Акил Акилов және Әзербайжан премьер-министрі Артур Расизаде сынды жоғары лауазымды шетелдік қонақтар, бірқатар халықаралық және аймақтық ұйымдардың жетекшілері, дипломаттар қатысты. Ал көршілес Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бішкектегі бұл шараға барған жоқ. Премьер-министр Кәрім Мәсімовті жіберіпті. Бұдан соң Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тұйғынәлі Абдраимов Атамбаевқа президент куәлігі мен арнайы төс белгісін тапсырды. Қырғызстанның әнұраны орындалып, артиллериядан бірнеше дүркін оқ атылды. Алмазбек Атамбаев 30 қазанда өткен президент сайлауында сайлаушылардың 62.52 пайыз дауысына ие болып, жеңіске жеткен болатын. Жаңа президенттің мерзімі 6 жыл.

Advertisements

2 responses to “«Бас байке» таққа отырды

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s