«Алланың» әмірі ме әлде…

1969 Алла Пугачева бірінші рет күйеуге шыққан жылы Вьетнам халқының көсемі Хо Ши Мин қайтыс болыпты.
1979 жылы Алла Пугачева екінші рет күйеуге шыққан соң Қытай жаңа дәуір көсемі, Орталық Комитетінің төрағасы Мао Цзэдун жүріп кете барған.
1991 жылы Пугачева ханым үшінше рет байға тигенде 70 жыл бойы дәуірлеп тұрған Кеңестер одағы «капут» болыпты.
1994 жылы Ажал аңдып жүріп Солтүстік Кореяның негізін қалаушы, ұлы көсем әрі КХДР ұлы төрағасы, маршал Ким Ир Сенді алып кетіпті.
Бесінші рет тұрмысқа шыққан жылы, яғни 2011 жылы желтоқсан айының 17-сі күні 70-ке қараған шағында ауыр сырқаттан Солтүстік Корея елінің басшысы, Ким Ир Сеннің ұлы Ким Чен Ир ажал құшты…
Бұл не сонда? «Алланың» әмірі ме әлде…