әз-Наурыз құтты болсын немесе түйе – он екі жылдың жиынтығы туралы аңыз


Атам қазақ әрбір жылға ат қойып, айдар тағып, әрбір жылдың өзіндік ерекшелігіне қарап, түйін жасағанын жақсы білеміз. «Тышқан жылы – тыныштық, Сиыр жылы – сыйлық, Барыс жылы – бірлік, Қоян жылы – қамбалы болады деп түсінсе, Ұлу жылын – үлгінің, Жылан жылы мен жылқыны жайлылықтың, Қой жылын – құттың бастауы деп есептеген. Сондай-ақ, көп жағдайда қазақ халқына адам айтқысыз қиындықтар (аштық, жұт, соғыс) алып келсе де, үмітін үзбей мешін жылын – мерейлі жыл, тауықты – табыстың,  ит жылын – игілік,  доңыз жылын – дүние  деп атап кеткен бабаларымыз санаулы күндерден кейін ұлу жылының табалдырығын аттағалы отыр.

Ұлу жылы қоян жылынан кейін кіретін жыл. Бұл жыл жалпы қазақ халқы үшін өте жайлы, табысты жыл болғанын білеміз. Өтпелі қиындықтар әкелгені болмаса, халықтың сан ғасырлық тарихында өшпес із қалдырарлықтай оқиғалар да болмағанын байқауға болады. Сондықтан да болар, қазақтар ұлу суда өсетіндіктен, бұл жылы астық, шөп мол болады деп есептеп, таным-түйсігіне оны жайлы, жұмсақ жыл деп қабылдап алған.

Жұлдызшылардың жорамалы бойынша, «ұлулар» негізінен еңбекқор, бірақ қанша жетістікке жетсе де, көңілдері тола қоймайтын адамдар санатына жататын көрінеді. Осындай ерекшелігіне байланысты келер жылдың ұлу жылында туғандарға қеңінен құлаш жайып, биік белестерден көрінуіне  мол мүмкіндік ашады деп жорамалдауға болады. Алайда, кейбір ұлулар тоқшылықты көтере алмай, біраз жалқаулыққа салынатын тәрізді. Соның салдарынан бизнесмендердің табысы азайып, кәсіпкерлер тауарын өткізе алмауы сандалып қалуы да бек мүмкін екен.

Кейде, «Түйе бойына сеніп, құр қалыпты», – деп күле қарайтынымыз бар. Иә, расында жыл қайыруға талас кезінде түйе жарықтық сорайған бойына сеніп, жыл санаудан құр қалатын аңыз туралы бәріміз білеміз. Бірақ ойсыл қара баласының жыл санауға кіре алмағанымен он екі жылға аты бұйырған жануарлардың барлығын өз бойына сыйғызып тұрғанын біле бермейміз. Байыптап қараған адам расында түйенің бойынан он екі жылдың нұсқасын байқайды екен: Құлағы – тышқан, бақайы – сиыр, тірсегі – барыс, еріні қоян, төбесі (қарақұсы) жылқы, тісі қой, жүні – мешін, мойыны – тауық, шөккені – ұлу, қабағы – жылан, табаны – ит, құйрығы – доңызға келеді екен.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s