Астаналықтарға сағыз шайнауға болмайды!

Менің мәңгілік президентім Нұрсұлтан Назарбаевтың «аузындағы сағызын кез келген жерге тастай салатындарды үш тәулікке дейін қамап, шыңғытып алыңдар» деген аса көреген тапсырмасынан кейін, Астаналық полицейлер тұрғындардың аузын аңдуға кірісіп те кетті. Кеше БАҚ біткен елордалық сақшылар айналасы екі-үш күннің ішінде екі мыңнан астам сағыз түкіргішті қолға түсіргендерді айтып, ұлардай шулап жатыр.  Бас ал десе шаш алатын қызметкерлер алыста тұрып «тфу!» деп атып жіберген сағызы қисық кетіп қоқыс жәшігіне түспей қалғандарға айыппұл салып қана қоймай, қамауға ала бастапты. 

12 сәуір күні полиция қызметкерлері қоғамдық орында аузындағы сағызын, басқа да қоқыс лақтырған бірнеше  қала тұрғынын ұстаған. Аталған азаматтар полицейлердің ескертуіне қарамастан, сағызда тұрған не бар деп кете бергенге ұқсайды. Басынан сөз асырмайтын көргенсіз полицейлер бұған шыдап тұрсын ба,  оларға қатысты тиісті құжаттар толтырылып жіберіпті. Мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен тәртіп бұзушылар 1 тәулікке қамауға алынған.

 

 

Advertisements

4 responses to “Астаналықтарға сағыз шайнауға болмайды!

  1. Бәсе, агенттегі микроблогыңда жазылған «енді сағыз шайнамайтын болдым» деген сөзіңнің сырын енді ұққандаймын… 🙂

  2. Қайдам. Мәдениеттілікті күшпен сіңіруге болмайды. Бұл қорқытып-үркіту жақсылыққа апармайтын сияқты.

    • Мен Үрімталға қосылмаймын. Тәртіп болмаса қазақтар кете береді. Осылай осылай үйрене береді. Ия, қандай да бір деңгейде зорлық деген де дұрыс емес қой. Алайда патшаның айтқаны заң. Осылай жасағанына көңілім толады!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s