Кимнің жалақысы азайып қалыпты…

Қазақтың құдай бере салған күйеу баласы әрі жер қойнауын сүлікше сорып жатқан «Қазақмыстың» қожайыны Владимир Кимге обал болды. Бұдан былай кәріс жездеміздің жалақысы өспейтін болыпты.

Әлемдегі ең ірі мыс өндірушілердің бірі – «Қазақмыс» компаниясы өткен жылды айтарлықтай шығынмен жапқан секілді. Ресми дерек көздеріне сенсек, компанияның акциялары да шайқалып, бірден 40 пайызға құлдырап кеткен. Осыған алаң болған алпауыт компанияның ұжымы төрағаның жалақысын өсірмей, 1.7 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қалпында қалдырыпты. Бұл «Қазақмыстың» қатардағы жұмысшыларының айлығымен салыстырғанда 183 (!) есеге көп көрсеткіш. Бұдан әрине, кезінде еліміздегі ең ықпалды тұлғалардың бірі болған Владимир Ни (бүгінде о дүниелік) ағайдың тәлімгері Ким мырзаның қабағын кірбің шала қоймас деп ойлаймыз. 1.7 миллион доллармен Ким секілді байларға ептеп өмір сүре тұруға болады. Алатын жалақысымен қатар әлеуметтік қолдау мен бонус деп қосылатын «тиын-тебені» тағы бар. Осылардың барлығын қосып есептегенде өткен жылы Ким мырза 2,8 миллион АҚШ доллары шамасында еңбекақы алған екен.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s