ҚР ҰҚК шекара қызметкерлерінің өлімі туралы деректі растады

Алматы облысындағы шекара заставасында 15 жауынгердің өлі денесі табылды деген деректі  ҚР ҰҚК комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Әмрин растап отыр.  «Әзірге нақты қаза болғандар бар ма, жоқ па, ол жағы белгісіз екендігін айтты. «Біз төтенше жағдай болғаны жөнінде ақпарат алдық. Оқиғаның салдарынан қаза болған адамдар болуы мүмкін деген қаупіміз бар. Әзірге нақты қаза болғандардың санын айта алмаймын. Тек түрлі қауесеттер ғана бар. Тергеу жұмыстары басталып кетті. Тергеу тобының құрамына барлық құқық қорғау органдарының өкілдері кірді. Қосымша ақпараттар болса хабарлайтын боламыз», –  дейді Ғұсман Әмрин.

Алматы облысындағы шекара заставасында 15 жауынгердің өлі денесі табылды

Алматы облысындағы шекара заставасында әскери қызметкерлердің өлтірілгені туралы алып-қашпа дерек расқа айналды. БАҚ беттерінде әзірдің өзінде Алматы облысындағы «Горный» шекара заставасында шекара әскерлерінің 15 әскери қызметкерінің мәйіттері табылғаны және  олардың арасында 1 офицер, келісімшарт бойынша 3 жауынгер және 11 сарбаз бар деген ақпараттар тарап жатыр. Оқуды жалғастыру

Кедей халыққа митингіге шығуға болмайды

Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов жұрттың экономикалық жағдайына қатты алаңдайтын болып шықты.   Сейдуманов мырза журналистердің басын қосып, баспасөз-ланч өткізе отырып Алматының атауын «Алма-Ата» деп өзгерту туралы ұсыныс айтқан күні   тағы бір оқыс мәлімдеме жасаған еді: «Қазақстанда митингілер өткізудің хабарлау тәртібін енгізуге әлі ерте», – дейді ол.

Себебі, халықта ақша жоқ. «Хабарлау жүйесі рұқсат беру жүйесіне қарағанда қатаңдау. Егер заң бұзсаң, 10-15 мың еуро төлейсің. Мұндай қаржыны бір де бір партия, бір де бір азамат төлей алмайды. Халықтың экономикалық жағдайы жақсарғанда енгізуге болады», – дейді С.Сейдуманов.

Байланыс неге қымбат, министр мырза?!


Үкімет сағатында халық қалаулыларының алдына шығып, халықтың 100 пайыздан астамы ұялы байланыспен қамтылғанын айтып мақтана қоймақ болған Көлік және коммуникация министрі  Мәжіліс депутаты Сейітсұлтан Әйімбетов «ұятқа» қалдырды. 

Жұмағалиев мырза қолтықтай келген «Инфо-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту нәтижелері туралы» заң жобасына қосымша баяндама жасаған  Әйімбетов: «Статистикалық деректерге  жүгінбей-ақ, біз  халықтың 100 пайыздан астамының ұялы байланыспен қамтылғанын  мақтанышпен айта аламыз. Әрине,  бұл зор жетістік. Алайда соңғы екі жылда тарифтер бағасының арзандағанымен,  байланыс құны өсіп келеді. Мәселен, 2010 жылы  бағаның орташа  өсімі 2008 жылмен салыстырғанда  7,6 пайызды құраған. Ал қызмет көрсету сапасы сын көтермейді», – дейді Мәжіліс депутаты. Оқуды жалғастыру

Бекболат ТІЛЕУХАН: «Қара тізімге» ілінген ештеңем жоқ

– «Бекболат Тілеухан қайда жүр екен?» деп көгілдір экранға үңілген жұрт сізді Ақан Сатаевтың «Жау жүрек мың баласынан» көріп қалды.  Фильмге қалай келіп жүрсіз? Жалпы «Жаужүрек мың бала» фильмі көңіліңізден шықты ма?

– Фильм режиссері Ақан Сатаевтан Бұқар жыраудың рөлін сомдау туралы ұсыныс түскен соң келістім. Бары осы ғана. Жалпы кез келген дүниеге салыстырмалы түрде қараймыз. «Жау жүрек мың бала» фильмі өзіме қатты ұнады. Күткеніміздей болды. Әркімнің генетикалық жадысында жатқан дүние мен ұлтқа деген махаббатын оята білді деп ойлаймын. Ол өзінің діттеген мақсатына жетті. Фильм талай адамның санасын серпілтіп тастады. Бір ғана «Қазақтар!» деп айғайлаудың өзі неге тұрады? Экранда бата беріп жатқанда күллі көрермен қолын жайып отырды. Осының өзі көп дүниеден хабар береді. Ал біткен шаруадан мін іздесек, шұбыртып тұрып айтып беруге болады. Алайда фильмнен мін емес, жетістіктерін іздегеніміз дұрыс секілді. Жиырма жылдың ішінде қазақтың жүрегін серпілткен дәл  «Жау жүрек мың баладай» кино көргенім жоқ. Оқуды жалғастыру