Алматы облысындағы шекара заставасында 15 жауынгердің өлі денесі табылды

Алматы облысындағы шекара заставасында әскери қызметкерлердің өлтірілгені туралы алып-қашпа дерек расқа айналды. БАҚ беттерінде әзірдің өзінде Алматы облысындағы «Горный» шекара заставасында шекара әскерлерінің 15 әскери қызметкерінің мәйіттері табылғаны және  олардың арасында 1 офицер, келісімшарт бойынша 3 жауынгер және 11 сарбаз бар деген ақпараттар тарап жатыр.

Дереккөздің мәліметіне сәйкес, аталмыш жауынгерлер күзетететін мобильді пост заңсыз емдік шөп жинау үшін шекара бұзатын шетелдік «қонақтардың» алдын алу мақсатында жазғы уақытта қойылатын бекет болса керек. Бұл аумақта қытай азаматтары бірнеше рет ұсталған көрінеді. Сондай-ақ, бекетке жақын маңдағы қорықшының үйінен орманшының жансыз денесі табылған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол осыдан 2 күн бұрын өлтірілген.

Болған оқиғаға қатысты шекара бекетіне шабуыл жасалды немесе жарғыдан тыс қарым-қатынастар болды деп болжам жасалып отыр. Қазіргі сәтте қарудың ұрлану фактісі туралы ақпарат жоқ. Алайда, бұл туралы ресми органдар әлі жауап қатпай отыр.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s