Қос өкпесі сырылдап…

Бүгін уордпрес ашылып тұр екен. (Айлар өтіп кеткен еді, бас сұқпағалы) қос өкпесі қырылдап-сырылдап барып әрең ашылды. жарты сағтай күттім. әйтеуір ашылды. Бірақ ештеңе жазғым келмеді…

Advertisements

Челах туралы «ертегіні» Прокуратура жалғастырды

Арқанкерген бекетіндегі қайғылы жағдайға байланысты пікірлер мен жорамалдар сан-саққа жүгіріп тұр. Нақты бір түйін жоқ, құдды бір көмескі елес секілді. Құзырлы органдар да елдің басын қатырып бітті. Күні кеше ғана «қаза тапқан шекарашылардың қанынан алкоголь табылған жоқ», – деп мәлім еткен әскерилер  артынша «алкоголь ғана емес, есірткі де бар сияқты», – деп қосып қойды. Кеше «тірі қалған шекарашы өзі келіп берілді» деген дерек араға күн салып барып, «Ол ұсталды» деп түзетілді. Кеше «Бізде дедовщина жоқ, жау сырттан келген…», бүгін – «бұл ішкі қақтығыс!» Кеше «неден өлгендері белгісіз», бүгін – «бәрін атып өлтірген!» Тұнып тұрған қайшылық… Оқуды жалғастыру