Челах туралы «ертегіні» Прокуратура жалғастырды

Арқанкерген бекетіндегі қайғылы жағдайға байланысты пікірлер мен жорамалдар сан-саққа жүгіріп тұр. Нақты бір түйін жоқ, құдды бір көмескі елес секілді. Құзырлы органдар да елдің басын қатырып бітті. Күні кеше ғана «қаза тапқан шекарашылардың қанынан алкоголь табылған жоқ», – деп мәлім еткен әскерилер  артынша «алкоголь ғана емес, есірткі де бар сияқты», – деп қосып қойды. Кеше «тірі қалған шекарашы өзі келіп берілді» деген дерек араға күн салып барып, «Ол ұсталды» деп түзетілді. Кеше «Бізде дедовщина жоқ, жау сырттан келген…», бүгін – «бұл ішкі қақтығыс!» Кеше «неден өлгендері белгісіз», бүгін – «бәрін атып өлтірген!» Тұнып тұрған қайшылық…

Бірінші қайшылық:

Шекарашылардың неден өлгені әлі белгісіз. БАҚ беттерінде қанды оқиға туралы ақпараттар пайда болысымен кезектен тыс брифинг өткізген Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі директорының бірінші орынбасары Тұрғанбек Сматбеков «Арқанкерген» шекара бекетінің қызметкерлері өртеніп өлуі мүмкін» деген тұжырым жасады. Алайда соңғы дерек көздері 14 шекарашының 12-сін басынан тақап атқан басынан атылғанын жария етті. «Орман қорықшысы да басынан атылған. Ол өзінің аңшылар үйінде болған», – дейді дереккөз. Кейбір дерек көздері 13 шекарашының мәйіттері табылған ғимараттың бензинқұйылып өртелгенін жазса, кейінгілері «бензин емес, жалынды көп шығаратын белгісіз отыр түрі пайдаланылған, сондықтан мәйіттер өртеніп кеткен», – деген уәж айтылды.

Екінші айшылық:

Сейсенбі күні ақпарат құралдары  із түзсіз жоғалды деген 15-шекарашының табылғанын әрі оның Владислав Челах  атты 19 жастағы жігіт екенін жазды. БАҚ біткен «Кеше (дүйсенбі күні кешке қарай) ол шекара бекетіне өзі келді. Қолында тапаншасы болды. Психикасы қатты бұзылғандықтан, меңіреу күйде келіпті», – деп шуылдап жатты. Әскерилердің сөзіне қарағанда, ол бір апта бойы жақын маңайдағы үңгірде жасырынып жүрген. Алайда көп ұзамай бұл ақпаратты Ішкi iстер министрi Қалмұхамбет Қасымов тағы гүлдендіріп, «жоғалған шекарашыны өзiмiз ұстадық» деп мәлiмдедi. «Кеше кешке бекет маңындағы қыстаулардың бiрiнен жоғалып кеткен 15-шi шекарашыны ұстадық. Іздеуші топ оны кеше кешкісін шекараға жақын маңдағы жертөледен тапқан. Оның қолында командирдiң табельдiк қаруы, үстiнде жай киiм болған», – дейді ол. Алайда, оның қолына командирдің тапаншасы қалай түскені есінде жоқ. Мәйіттердің барлығы арлығы күл болып қалады. Бірақ 14 автомат сол күйінде аман-сау жатады. Адам сенгісіз оқиға.

Үшінші қайшылық:

Қытайда ресми сапармен жүрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Арқанкергендегі оқиғаға қатысты өте маңызды ақпарат бар. Бiрақ, менiң пiкiрiмше, бұл туралы айтуға әлi ертерек. Әзiрге айтарым, «Арқанкерген» шекара бекетiндегi мәселеге сырттан ешкiм араласпаған. Бұл – басы ашылған мәселе, ешкiм келмеген”, – деп мәлім етті. Ал бұдан бірер күн бұрын Қалмұхамбет Қасымов: «Ұсталған шекарашы түсiнiктеме беріп жатыр. Әзiрге тергеу құпияларына байланысты бұл туралы айта алмаймын. Менiң ойымша, «оқиғаға iшкi мәселелер себеп болған» деген болжам дәлелденетiн сияқты», – деген еді.

Төртінші қайшылық:

Басында шекерашылар ел айтып жүргендей «көңіл көтеріп, арақ ішпеген» еді.  Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметіндегілер «Қазіргі уақытта Астана қаласында сараптама жасалған барлық әскери қызметкерлер мен қорықшының жанып кеткен денесінің қалдықтарынан алкоголь табылған жоқ», – деп батыл түрде мәлім етті. Алайда, «ішкен» болып шықты. Дұрысы ішкізген. Кеше Интерфакс агентігі құқық қорғау органына сілтеме жасай оытрып «орманшыдан басқа өлгендердің барлығының қанында алкоголь табылды. Алкогольге қандай да есірткі немесе клофелин қосылып берілуі мүмкін», – деген хабар таратты.

Агенттіктің мәліметінше, «ұсталған» 19 жасар шекарашы «ішпегені себепті аман қалдым деп», – деп сандырақтапты.

Айтпақшы, кеше ғаламтор бетінде тағы бір шулы ақпарат пайда болды.

«Курсив.кz» деген сайт тағы бiр жағымсыз сыбыстың шетiн шығарды. Ондағы ақпаратқа қарағанда, 15 шекарашы мемлекеттiк шекараны емес, комитеттегi (!) генерал басшылардың бiрiнiң аңшылық шаруашылығын күзетiп жатқан топ-мыс. Тағы бір деректерде «Алакөл ауданында ұйымдасқан қылмыстық топтың дәуренi жүрiп тұр, бұл солардың iсi болуы да мүмкiн» деген деректер айтылып қалды. .

Владислав Челах қазір тергеуде. Кей ақпарат көздері оны ауруханада жатыр деп жазып жатыр. Қарағандылық Владислав Челахтың атасы Владимир Челахтың айтуынша, оның үйіне прокурор келіп, барлық туыстарынан түсініктеме жаздырып, немересінің әскерде түсірген суреттерін алып кетіпті. Бірақ туыстарына Владислав Челахпен тергеу аяқталмайынша кездесуге рұқсат жоқ екенін, тергеу ақпараттарымен хабардар етіп отыратынын айтыпты.

Бүгін кешке еліміздің Бас прокуратурасы «Арқанкерген» шекара бекетіндегі шекарашылардың барлығын Владислав Челахтың өлтіргені анықталды», – деп мәлімдеме жасады. Тірі қалған шекарашы қызметтестерін өлтіргенін мойындап, түсініктеме беріпті. 19 жастағы қарағандылық сарбаз тергеу кезінде қасындағы қызметтестерін қырып салғанын айтыпты. 

Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтың айтуынша, қылмыс 2012 жылғы 28 мамырда шамамен  таңғы сағат 5-тер шамасында сақшыдан басқа барлық бекет шекарашылары ұйқыда болған кезде жасалған. «Челахтың өзі сол түні казармада кезекші болады. Сондай-ақ күллі қару өз қолында болған. Бірінші болып бекет аумағынан алдау арқылы шақырып алып, бір сақшыны өлтіреді. Одан кейін ол казармаға оралып, ондағы қалған қызметтестерін атып өлтірген. Олардың 9-ы ұйықтап жатқан. Соңғы болып қорықшы Р. Ким өлтірілген», – дейді ресми өкіл.

Шекарашылар өлтірілгеннен кейін В.Челах қылмыс іздерін жасыру мақсатында әрқилы позициялардан автоматтан оқ атып, казарма бөлмелерінде оқтарды шашып, алдын ала бензин төгіп, бекеттің барлық казармалық және шаруашылық нысандарын өртеп жіберген. Осындай тәсілмен бекет аумағынан тысқары жатқан сақшының мәйітін де өртеп кетеді. Осыдан кейін қылмыскер өзімен бірге макаров тапаншасын, азық-түлік, қызметтестерінің бірқатар жеке заттарын алып, капитан Кереевтің азаматтық киімін киіп, оқиға болған жерден жаяу бой тасалап кете барған.

Нұрдәулет Сүйіндіковтың мәліметінше, Челах өзінің бұл әрекетін ішкі қақтығыстармен және түсіндіруге жатпайтын өзінің әрекетімен байланыстырған. «Оған Талдықорған горнизонының әскери прокуроры қылмыстық кодекстің 96-бабы, 2-тармағының, а тармақшасы яғни 2 және одан да көп кісіні өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғаған. «Бүгінде Владислав Челахтың тергеу жауаптарының шынайылығы тексерілуде. Қылмысы дәлелденсе, ол 10 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – дейді Нұрдәулет Сүйіндіков.

Сондай-ақ ол тергеу аясында барлық қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізіліп жатқанын мәлім етті. «Оның ішінде В. Челахтың жеке басына қатысты психологиялық сараптама да бар. Қазіргі уақытта сарапшылар 11 әскери қызметкердің аты-жөндерін анықтады. Сараптама шекарашылардың да, қорықшының да алкогольдік ішімдік ішу факторы мен «Өрт-техникалық сараптамамен жарылыс ошақтары және жарылғыш заттарды пайдалану фактісі анықталған жоқ», – деп атап өтті ол.

Брифингте «Сары бөктер» шекаралық заставасының бастығы Алексей Фоминге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. «Ол биылғы мамырдың 28-мен 30-ы аралығында «Арқанкерген» шекаралық бекетімен байланыстың болмағанын қасақана жасырғаны және оның себептерін анықтау мен қалпына келтіру бойынша шара қолданбағаны үшін айыпталып отыр», – деп атап өтті ресми өкіл.

Беймәлiм себептермен жоғалып кетiп, артынан табылған Владислав Челах 14 шекарашы мен бiр қорықшыны жайратып тастауы мүмкiн бе?

Advertisements

2 responses to “Челах туралы «ертегіні» Прокуратура жалғастырды

  1. Мүмкін емес,мен өз басым сенбеймін.Астарында бір ақиқаттың жасырынып жатқаны анық.

  2. Мен де сенбеймін, ол жерде бірнәрсе болған! халықты дүрліктірмеу үшін, бір балаға ғана барлығын жаба салған! осындан кейін біз кімге сене аламыз?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s