Уоу! Уордпресс ашық тұр екен.

 

Маз боп калганский

Рас айтам, жамағат! өлләки, білләки! Өтірік айтсам, депутат болып кетейін… уордпресс.ком ашық тұр екен. Кірмегелі қай заман, кілт сөзімді зорға дегенде есіме түсіріп кіріп көріп отырмын. Бұрынғыдай емес, «зың-зың» жұмыс істеп тұр. Ара-тұра болса Асхат Еркімбайдың біраз «жамағаты» жазба жариялап тұрады екен. Амандық болса, уордпресске қайта оралатын күн алыс емес секілді. «Іске сәт!» деп қойыңыздар!