ДОШАЕВҚА «ДО СВИДАНИЯ!» ДЕГЕН КІМ?

ерген дошаев_3Үкімет құрылымындағы ауыс-түйістер әлі де жалғасып жатыр. Көптен бері Президенттен сын естіп, ұнжырғасы түсіп жүрген Болат Жәмішев күтпеген жерден ат ауыстырып, өңірлерге аттанды. Ол Қаржы министрлігінен босап, Өңірлік дамыту министрлігінің тізгінін ұстады. Оның орнына (Қаржы министрлігі) бұған дейін Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып қызмет атқарған Бақыт Сұлтанов келіп жайғасты. Ал Өңірлерді дамыту министрлігі мен Премьер-министрдің бірінші орынбасары секілді қос қызметті қоса атқарып келген Бақытжан Сағынтаев Үкімет басшысы Серік Ахметовтің оң қолы болып қалды.
Ақордада басталған алапат дауыл Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповті қолғанатсыз қалдырды. Аталмыш министрліктің қос бірдей вице-министрі – Мұрат Әбенов пен Мұрат Орынханов «өз еркімен» қызметінен кетіп жатыр. Кейбір БАҚ көздерінің жорамалынша қос Мұраттың түбіне атышулы «е-learning» жобасы жеткен-міс. Тағы бірнеше министрліктің орынбасары сөгіс алды.
Айтпақшы мезгілсіз соққан дауылдан Мәжіліс мінбері де бір шайқалып өтті. Сәрсенбі күні түс ауа Мәжіліс депутаты Ерген Дошаевтың мандатынан айырылғаны белгілі болды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин экс-депутатқа рахмет айтып шығарып салды. Дошаев мырзаның айтуынша, күтпеген жерден өз еркімен депутаттық мандатын тапсыруының ешқандай саяси астары жоқ. Тек отбасылық жағдайына байланысты қызметінен кеткен.  «Өкілеттігімді мерзімінен бұрын тоқтатуым тек отбасыма байланысты. Жанұя – адам өміріндегі негізгі құндылық. Сондықтан бұл шешімімді дұрыс түсінулеріңізді сұраймын», – дейді депутаттың өзі.
Ерген Николайұлы Мәжіліс төріндегі ең белсенді депутаттың бірі болғанын айта кету керек. Соңғы кездері бірнеше рет өткір-өткір мәселе көтеріп, алкагольді өнімдер мен темекі өндірушілеріне құпия түрде қолдау білдіретін топтардың (лоббистер) бар екенін айтып әрі оларды әшкерелеуге тырысқан болатын. «Бірақ ғұмырбаяны жақсы адам еді деуге де келмейді. Дошаев мырзаның өсу кезеңі Шалбай Құлмахановтың Ақтөбе облысын басқарған жылдардан басталады. Сол кезде Ерген Николайұлы облыстық баспасөз қызметінің жетекшісі болды. 1996 жылы облыстық телерадионы басқарды. Кейін үш жыл бойы (1996-1999) Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды. Дәл осы кезде Мемлекет басшысы тарапынан қызмет бабын асыра пайдаланып, жемқорлыққа жол бергені үшін сынға ұшырады.  Осы шудан соң аймақтың  сол кездегі әкімі Аслан Мусин оны қызметінен босатқан болатын.  Бірақ кейін дау ұмытылып, Дошаев билікке қайта оралды. Атырауда, кейін Астанада «Атырау-ақпарат»  мемлекеттік қазыналық  мекемесінің төрағасы, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің аппарат жетекшісі секілді лауазымды қызметтер атқарды. Өткен жылы Мәжіліске депутат болып сайланған болатын.
Ең қызығы, бұған дейін ең белсенді депутат атанып келген Ерген мырза кабинетіндегі жеке заттарын жинап үлгермеген. Қайда асыққаны белгісіз отырыс залынан дереу шығып кеткен. Осыдан болар бәлкім, кешелі-бері «Дошаевтың жолын кескен кім?», «неге кетті?»,  «кім кетірді» деген жауапсыз сұрақтар қарша борап тұр. Кейбір ақпарат көздері Дошаевтың Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен оның інісі экс-депутат Аманжан Рысқалимен өте жақын болғанын айтады. Бірақ нақты жауап әлі жоқ.
Сарапшылар ауыс-түйістің әлі де жалғасатынын айтады. Бұрнағы күні жұрттан бұрын сезетін «КазТАГ» ақпарат агенттігі үш аптадан кейін Серік Ахметов үкіметінің толықтай отставкаға кететін айтқаны тағы бар. Бірақ бұл жорамалды жоққа шығарып жатқандар да баршылық. Белгілі саясаткер Әзімбай Ғали Үкіметтегі ауыс-түйіске таңырқаудың қажеті жоқтығын айтады. «Президенттің атқарушы билік қалғып бара жатқанда болмаса өзара ымыраға келмеген топтардың қызуы көтерілген тұста сынға алып, сілкіп, кейде тіпті орындарын өзгертіп отыратыны дағдылы әдістерінің бірі. Байқап отырсақ, мүлдем орнын босатып, Мемлекет басшысының қырына іліккен ешкім жоқ, тек бір қызметтен екінші қызметке тағайындалды. Бақыт Сұлтанов, Болат Жәмішев, Бақытжан Сағынтаев та Үкіметтің құрамында қалды. Мұнан өзге астар іздеп, сынға алуға жол беретіндей жағдай емес екені анық», – дейді ол.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s