Ажал аузындағы адамдар не ойлайды?

0e7a168d_1Бүгін газет-журнал ақтарып отырып дәл осындай тақырыптағы бір материалға тап болдым.  Қызықты әрі қорқынышты тақырып әрине. Сондықтан сіздермен де бөлісе кетуді жөн көріп  отырмын. Расында бұл өмірдегі несібесі таусылып, ақырғы сәт алдында жатқан адамдар не ойлайды екен?  

Матреиалда Бронни Вэр есімді Австралиялық медбикенің «Өлім аузындағы адамдардың басты бес өкініші» («The Top Five Regrets of the Dying») деген кітабына қысқаша шолу жасалған. Кітап авторы адамдардың өлер алдындағы әңгімелерін, орны толмас өкініштерін, жан күйзелісін жазып алып отырған екен. Медбике ажал сәті жақандаған адамдарға тән дертінен гөрі, қысқа ғұмырында же­те алмаған арманы, өткенге өкініші, басқаларға жасаған қиянаттары айтып қатты күйзелетінін байқайды.

Медбике Бронни Вэр осындай адамдар­дың өмірінің соңында ашылып айт­қан әңгімелерінен пайдалы са­бақ алу үшін жазып отырыпты.
«Ажалы таянған адамдар­дан «Қандай өкінішіңіз бар?» не­месе «Өміріңізді өзгертіп, қайта бастағыңыз келе ме?» деген сұ­рақтарыма негізінен, біркелкі жауаптар алдым. Төменде ажал аузындағы адамдардың басты бес өкініші:

1. Басқалардың айтуымен емес, өз-өзіме сенімді болып, өз қалауымша өмір сүруге ба­тылдығымның жетпегені өкі­нішті.

«Көптеген адамдар бұл ту­ралы жиі айтады. Олар өмірінің аяқталып қалғанын түсінген кез­де артына қарайды, қаншама іс­ке аспаған ойлары мен арман­дары қалып бара жатқанын көреді. Адамдардың басым көп­шілігі қысқа өмірінде өзінің игі ойларының тіпті жартысын да жүзеге асыра алмайды, тек ақырет күні таянғанда ғана мұның бә­рі өзінің қалауы бойынша болға­нын түсінеді. Денсаулықтың қан­дай еркіндік беретіндігі туралы ешкім ойланбайды, тек оны жо­ғалтып алған кезде ес кіреді».

2.Өте көп жұмыс істегенім өкінішті.

«Мен бұл сөзді өзім қарап, күткен барлық ер адамдардың дерлік аузынан естідім. Олар ба­лаларының қалай өсіп кеткенін байқамай қалған, әйелдері­мен уақытты аз өткізген. Әйел адам­дар да бұл туралы жиі айтып, өкі­неді. Мен күтім жасаған ер адамдардың барлығы өмірінің үлкен бөлігін жұмыста өткізге­ніне өкінеді».

3. Өзімнің сезімімді ашық айтуға батылым жетпегені өкі­нішті.

«Көптеген адамдар айнала­сындағылармен жақсы қатынас­тарды сақтау үшін өз ойларын ішіне бүгіп қалады. Нәтижесінде, олар өзін шектеумен өмір сү­ріп, өз ойындағыдай бола ал­май­ды. Олар сарыуайымнан, қа­нағаттанбаушылықтан өзіне ауру тауып алады».

4. Достарыммен аз аралас­қаным өкінішті.

«Көптеген адамдар нағыз достарының бағасын төсек тар­тып қалғанда немесе олардан мүлде адасып қалған жағдайда біледі. Өмірдің ұсақ-түйек проб­лемаларымен жүріп, ең жақын достарымен қарым-қатынас­ты үзіп алады. Адамдар өлер ал­дын­да жақын достарын қатты
сағынып, іздейді».

5. Өзімді бақытты болуға жол бермегенім өкінішті.

«Қызық, бірақ көптеген адамдар осы жағынан өкіне­ді. Олардың көпшілігі «бақыт» де­ген – бұл таңдау мәселесі екенін өмірінің соңына дейін түсін­беген. Олар өмір бойы ескі әдет-ғұ­рыпты ұстанып өткен. Өмір­де болып тұратын әр­-түрлі өзге­ріс­тер оларға үнемі қорқы­ныш туғызып, өзгенің
де, өзі­нің алдын­да да осы өмі­ріне ри­за сияқты болып көрі­-
нуге итер­мелеген» деп жазады автор.

Материал мына жерден барымталанды

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s