«Кітап сыйлау» күнін қашан тойлаймыз?

98767749Батыстың жылт еткенін көшіре салуды абырой санайтын әрі оны алаулатып-жалаулатып өткізуге құмар қазақ қоғамына сырттан ғашық болып жүрген бір мереке бар. Ол – «кітап сыйлау» күні. Әдемі, сүп-сүйкімді дата-ақ. Өкініштісі сол, жекелеген бастамашыл топтар мен құнттаған азаматтар болмас бұл дата әлі де ескерусіз келеді.

Бір айта кетерлігі әлімнің ешбір елінде арнайы белгіленген «кітап сыйлау» күні жоқ. Тек Арменияда ғана  19 ақпан  «Кітап сыйлау күні» деп аталады. 2008 Жазушылар одағының басшысы Левон Ананянның шешімімен 19 ақпан – Арменияда Кітап сыйлау күні деп белгіленген. Аталған дата 1869 жылы дүниеге келген армян ақыны, жазушы, қоғам қайраткері Ованес Тадевосович Туманянның туған күніне орайластырылған. Ең қызығы бұл мейрамды өткізу жөніндегі бастаманы көтерген ел үкіметі көрінеді.

Білетіндердің айтуынша, бұл шара «Кітап сыйлау» деп аталғанымен, шындығында кітап сыйланбайды, тек айырбасталады екен. «Кітап сыйла» атауы тек жарнама жасау мақсатында пайдаланылса керек.

Кітапқа қатысты мерекелер:

23 сәуір – 1995 жылы Парижде өткен Бас Ассамблея конгресінің шешімі бойынша Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні болып жарияланған. 1616 жылы дәл осы күні М.Сервантес, У.Шекспир, Инка Гарсиласо Де Ла Вега дүниеден өткен екен.

Ал 1967 жылдан бастап Балалар кітабы жөніндегі халықаралық кеңестің шешімімен Данияның әлемге әйгілі ертегішісі Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай       2 сәуір – Әлемдік балалар кітабы күні болып тағайындалған.

Ал бізде әлемдік деңгейде танылған тұлғалар аз емес. Бәлкім солардың бірінің туған күнін «кітап сыйлау» күні деп бекіту керек шығар?

Advertisements

One response to “«Кітап сыйлау» күнін қашан тойлаймыз?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s