Діни алауыздық қайдан келді?

imagesКеше жеке блогымдағы хидап, орамалға қатысты бұрынырақта жарияланған бір жазбама Жамал есімді бір қарындасымыз пікір қалдырыпты. Пікір ретінде қалдырғаны болмаса сұрақ. Сұрақ болғанда жауабы жоқ сұрақ. Сіздер үшін қандай екенін білмедім, өз басым жауап бере алатын дүние емес. Жамалдың айтуынша, пойызда келе жатып жол бойындағы зиратты көріп қолын жайып, бетін сипаған. Бұны көріп қасындағы бір адам біраз лекция оқыпты. Бара бара, ол кісі «қазақ мүлдем дінсіз болған. Әулиені құдай санап адасқан халық» дегенге дейін барыпты. Сосын амалсыз кейіпкеріміз көршісіне қарсы сұрақ қоюға көшіпті:

Бірінші ол кісіден «басшығы бағыну уәжіп, ал қарсы шығудың жазасы қандай болады?» деп сұрадым. «Ол діннен шығумен бірдей» деді. Ал «имам басшы санала ма?» дедім. Ол: «әрине!» деді. «Ендеше неге имамға ұйымайсыздар? «әмин!» деп айғайлау қажет пе? Бұл жұрт арасына іріткі, намазға ұйыған жұрттың назарын бұзу емес пе?» дедім. Жауап бере алмады.

Сосын «исламда тәкапарлық бар ма?» деп сұрақ қойдым. Ол: «жоқ, ол шайтанға ғана тән» деді. «Ендеше жұрттан бөлектеніп балақ қысқарту, қолды жамағаттан бөлек жоғары байлап, бұтың айырылғанша, талтайып тұру тәкәпарлық емес пе?» дедім. Жөні дүзу жауап ала алмадым.
«Фитна» туралы сұрадым. «Ол не?» деп. «Олар бүлікшілер, қоғамға іріткі салып басшыға қарсы бас көтеру» деді.

«Өткен ғасырдың елуінші жылдары саудия жеріндегі тарихи ескерткіштерді қиратып, ереуіл жасағандар бүлікшілер ме? олар талқандаған зиратардың ішінде сахабалардың зираты болды. пайғамбарымыздың зиратын қиратуға дейін жете жаздады. Рас болса тіптен мешіттін мұнарасын қиратпақ болыпты дейді. Бұл фитна ма? Олар кімдер?» десем үндемеді.

Ақыры ойымда жүргенін ақтарып салдым. «олар да сіз секілді әбдул уақаптың іліміне уланғандар болатын. бізді осындай тағдыр болмасына кім кепіл. жастарды қажылық деген желеумен ақыл кірмеген жастарды саудияға апарып жатысындар. Солар ол жердегі сахабалар зираты мен пайғамбарымыз жатқан жерді көріп біздегі біздегі марқұмдармен салыстырып келеді. Қарапайым адамдар сол пайғамбардан қай жері артық деп ертен бір бұйрық түссе күллі зират пен тарихи нысандарды, мешітерді қиратуға барады», – деп жылап жібердім. Ал көршім мені жеп қоя жаздады. Осыным дұрыс болды ма білмей жүрмін. Аға, сіз қалай ойлайсыз?

Жауап беру мен үшін өте қиынға түсіп отыр. көмектеріңіз керек

Advertisements

One response to “Діни алауыздық қайдан келді?

  1. Оте ауыр маселе ари жанды жеримиз. менин де біраз достарым уахаби ілімінін жетегінде жур. Бирак тура жолдан алыс жургендерин тусінбейд

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s