«Ақ күріштің атасын» ат қып мінген…

Ақтөбе облысындаOkKXNcgwz-EY атақты күрішші Шығанақ Берсиевтің ескерткішін қиратқан адамға қатысты сот өкімі шықты. Ол «Ақ күріштің атасын» ат қып мініп отырған жерінде қолға түскен болатын.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға жетінші мамырда болған. Мейрам күні ішімдік ішкен Ойыл ауылының тұрғыны мәдениет үйінің алдында тұрған Шығанақ Берсиевтің ескерткішіне мінген. Нәтижесінде мүсіннің оң жақ қолы, бас киімінің алдыңғы жағы бүлініп, ескерткіш орнатылған тұғыр тасқа зақым келгені белгілі болып отыр. Бүгінде Ойыл ауданының соты 22 жастағы жігітке Қылмыстық Кодекстің бұзықтық жасау бабы бойынша айып тағып, 200 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегу туралы шешім шығарды. Бұған қоса коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының пайдасына келтірілген шығын ретінде 200 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.