IT Transtelecom

18766029_1314497865251917_7709369665537484017_nДәл ораза кезінде шәйға шақырып аздап неғып тұратыны (іш шұрылдатып…)  болмаса еліміздегі Transtelecom мекемесін жақсы компания ма деп қалдым… 1999 жылдан бері нарықта жүрген аталмыш компания бүгінде Кибер қауіпсіздік, жоғары жылдамдықтағы сымсыз ғаламтор байланысы (кәдімгі уай-фай),  куәландыру орталығы секілді  біраз дүниенің басын қайырып тастапты.

Өз басым Қазақияны кибер албастылардан қорғаныш жүйесі жоқ ел деп мұңаятын көп қазақтың бірі едім.  Шыны керек, Транстелеком АҚ базасынан кибер шабуылға қарсы SOC орталығын (ситуационный центр) ашылғанын естіп таңданып қалдым. Орталықта басынан башпайына дейін компьтердің иісі сіңіп кеткен 7-8 киберняня істейді екен. Айтуларынша орталықтың ашылғанына жарты үш айдай болыпты. Сайттардың амандығы мен әр түрлі ақпарттық шабуылдардан қорғау кепілдігі 100 пайыз. Есесіне бағасы да жаман емес. Әрбір пайдаланушы яғни, бір компьютер үшін жылына 70 мың теңге.

Компания соңғы жылдары электронды құжат айналымын іске қосып отыр. Куəландыру орталықтары негізінде іске асып жатқан бұл жүйенің артықшылығы қағаз бастылық пен ормандардың орынсыз оталуының алдын алады екен.18767639_817416615083897_5485926799134667962_n

Тәтті шәй барысында компания мамандары EXPO аймағында жылдамдығы сойқан уай-фай тарату жүйесі іске қосылатынын айтып қалды. Осы мақсатта көрме аумағында 700 сыртқы, 1327 ішкі роутер орнатылыпты.

Айтпақшы, мұндай ақысыз сымсыз ғаламтор жүйесі қаламыздағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында да жұмыс істеп тұр екен. Орталық келушілері біраз уақыттан бері сол жерде отырып-ақ Инстаграмға фото жүктеп, лайк басып, чаттасу бақытына (өз басым тексеріп көрмеппін…) ие болып жүр дейді.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s