Оспан батыр туралы деректі фильм

Advertisements

«Қазақ елі» атанатын болдық!

Qazaq eliҚазақтың мұнайлы өлкесі –  Атырау облысында жұмыс сапармен жүрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикамыздың ресми атауы Қазақ елі болып өзгеруі мүмкін екенін айтып қалды. 

«Біздің еліміздің атауында Орталық Азиядағы басқа мемлекеттер сияқты «стан» деген қосымшасы бар. Шетелдіктер халқы небәрі екі миллион адамды құрайтын Моңғолияның атауында «стан» қосымшасы жоқ екенін алға тартады. Уақыт өте келе ел атауын «Қазақ елі» деп өзгерту мәселесін қарастыру қажет шығар, бірақ мұны алдымен халықпен ақылдасқан жөн», – депті Президент.

Құптарлық сөз! Қазақ елі жасасын!

Бекболат ТІЛЕУХАН: «Қара тізімге» ілінген ештеңем жоқ

– «Бекболат Тілеухан қайда жүр екен?» деп көгілдір экранға үңілген жұрт сізді Ақан Сатаевтың «Жау жүрек мың баласынан» көріп қалды.  Фильмге қалай келіп жүрсіз? Жалпы «Жаужүрек мың бала» фильмі көңіліңізден шықты ма?

– Фильм режиссері Ақан Сатаевтан Бұқар жыраудың рөлін сомдау туралы ұсыныс түскен соң келістім. Бары осы ғана. Жалпы кез келген дүниеге салыстырмалы түрде қараймыз. «Жау жүрек мың бала» фильмі өзіме қатты ұнады. Күткеніміздей болды. Әркімнің генетикалық жадысында жатқан дүние мен ұлтқа деген махаббатын оята білді деп ойлаймын. Ол өзінің діттеген мақсатына жетті. Фильм талай адамның санасын серпілтіп тастады. Бір ғана «Қазақтар!» деп айғайлаудың өзі неге тұрады? Экранда бата беріп жатқанда күллі көрермен қолын жайып отырды. Осының өзі көп дүниеден хабар береді. Ал біткен шаруадан мін іздесек, шұбыртып тұрып айтып беруге болады. Алайда фильмнен мін емес, жетістіктерін іздегеніміз дұрыс секілді. Жиырма жылдың ішінде қазақтың жүрегін серпілткен дәл  «Жау жүрек мың баладай» кино көргенім жоқ. Оқуды жалғастыру

Жар таңдаудың азабы немесе заманға сай ҒИБРАТНАМА

Ертеректе атағы әлемге жайылған  бір патшаның ай десе аузы, күн десе көзі бар әсем қызы болыпты. Қыз бой жетіп, тұрмыс құрар шақта, ешкімді менсінбей жүре беріпті. Көрші елдің ханзадалары  мен  бай-манаптың  ұлдарын да ұнатпай, мұрнын шүйіріпті. Оқуды жалғастыру

АЛАШТАНУДЫҢ АЛЫБЫ 60 ЖАСҚА ТОЛАДЫ

Алдағы дүйсенбі, яғни, 15 тамыз күні алаштың ардақты ұлы – Тұрсын Жұртбай 60 жасқа толады. 1951 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданына қарасты Шаған ауылында дүниеге келген ол 1968 жылы Ж.Молдағалиев атындағы орта мектепте оқып, бітіреді. Сол жылы ЖОО түсуге мүмкіндігі болмаған бозбала Тұрсын Абай ауданына қарасты «Қызылту» кеңшарының 13 бөлімшесінде бухгалтер-есепші болып қызмет етеді. Тек бір жылдан соң ғана (1969-1974) қазiргi Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң журналистика факультетiнде оқу мүмкіндігіне ие болады. Оқуды жалғастыру

Көкшеде ұмыт қалдырылған Абылай ханның тойы Ұлытауда ұлықталды

«Ұлытауға бардың ба, ұлар етін жедің бе?» Бұл өзін көк түріктің ұрпағымын деп есептейтін кез келген қазақтың жүрегіне жақын сөз. Себебі бұл жерде қазақ мемлекетінің негізі қаланып, анталаған дұшпанға сес көрсетудің алғышарттары жасалды. Осы жерде халқымыз өз хандарын ақ киізге көтеріп, хан сайлады. Сол Ұлытауда ата қоныс жер үшін атқа мініп, ел аманатын арқалаған даңқты ханымыз Абылайдың 300 жылдығы тойланып, еңселі ескерткіші бой көтерді. Айтулы мерейтой қарсаңында Жезқазған қаласы әкімінің бастамасымен журналистерге саяхат-тур ұйымдастырылып, Ұлытаудағы тарихи орындарды аралап қайттық.
Енді осы саяхат-турдан көрген білгендерім туралы: Оқуды жалғастыру

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА 20 ТҮП АҒАШ ЕГІЛДІ

Халқымыз «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» немесе «ер азаматқа ең алдымен ұрпақ өсіріп, үй салып, ағаш отырғызу парыз» деп жатады. Сол бабаларымыздың жолымен 30 сәуір күні Астана қаласындағы біраз ерікті жастар жиналып, Есіл өзенінің сол жағалауындағы «Арай» саябағында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне 20 түп ағаш отырғыздық. Оқуды жалғастыру