«Жалаңаш» әйел қағазы ашылған кәмпит секілді…

imagesБір британдық жігіт мұсылман ғалымнан: «Неліктен Исламда әйел
адамға бөгде ер адамдармен қол алысып амандасуға тыйым
салынған?», – деп сұрайды.
Ғалым: «Елизавета патшайыммен қол алысып амандасу мүмкін бе?», – деп сұрапты.
Әлгі жігіт: «Әрине белгілі бір адамдардан басқаларға мүмкін емес», – деген екен.
Ғалым: «Бізде әйел адам да патшайымдар іспеттес, кез келген ер адамдар олармен қол алысып амандаса алмайды», – деп жауап беріпті.
Сосын әлгі кісі ғалымнан тағы да:
«Неліктен сендерде әйел адам денесін, басын жауып жүреді», – деп сұрайды.
Мұсылман ғалым жымыйып, қолына екі кәмпит алып, бірін ашып, бірін ашпай екеуін жерге тастай салады да Британдық жігітке: «Егер сенен жерде жатқан екі кәмпиттің бірін ал деп талап етсем, қайсысын алар едің?»,– дейді.
Жігіт: «Әрине, ашылмағанын», – деп жауап қатады.
Міне, дініміздің де әйел адамға қатысты ұстаным осындай деген екен мұсылман ғалымы.

Ескерту: Суреттің материалға еш қатысы жоқ. Жай көрнекі сурет…

Барак Обама шайтанға ұқсай ма?

Барак ОбамаБелгілі режисер Рома Даунидің «Құдайдың ұлы» атты картинасы түсіріліп, жақын күндері әлемдік көрсетіліміге аттанғалы отыр. Бір өкініштісі, аталмыш фильмнің ібіліске қатысты тұстарын қиып тастауына тура келіп отырғанға ұқсайды. Өйткені ібілісті сомдаған актерді бояп-сылап кеп жібергенде АҚШ прежиденті Барак Обамадан аумай қалған.

Доунидің айтуынша, ібіліске қатысты тұстары онша көп емес. «Көрермендер арасында теріс түсінік туып кетпесін деген күдікпен қиып тастадық. Фильм желісі бастан-аяқ Иса пайғамбар туралы болады.  Картина ішінде Исаның ібіліспен кездесетін жері болған. осыны алып тастадық», – депті Рома Дауни.

Фильмнің алғашқы премьерасы ертең АҚШ-та өтеді…

Ажал аузындағы адамдар не ойлайды?

0e7a168d_1Бүгін газет-журнал ақтарып отырып дәл осындай тақырыптағы бір материалға тап болдым.  Қызықты әрі қорқынышты тақырып әрине. Сондықтан сіздермен де бөлісе кетуді жөн көріп  отырмын. Расында бұл өмірдегі несібесі таусылып, ақырғы сәт алдында жатқан адамдар не ойлайды екен?   Оқуды жалғастыру

«Кітап сыйлау» күнін қашан тойлаймыз?

98767749Батыстың жылт еткенін көшіре салуды абырой санайтын әрі оны алаулатып-жалаулатып өткізуге құмар қазақ қоғамына сырттан ғашық болып жүрген бір мереке бар. Ол – «кітап сыйлау» күні. Әдемі, сүп-сүйкімді дата-ақ. Өкініштісі сол, жекелеген бастамашыл топтар мен құнттаған азаматтар болмас бұл дата әлі де ескерусіз келеді. Оқуды жалғастыру

Уоу! Уордпресс ашық тұр екен.

 

Маз боп калганский

Рас айтам, жамағат! өлләки, білләки! Өтірік айтсам, депутат болып кетейін… уордпресс.ком ашық тұр екен. Кірмегелі қай заман, кілт сөзімді зорға дегенде есіме түсіріп кіріп көріп отырмын. Бұрынғыдай емес, «зың-зың» жұмыс істеп тұр. Ара-тұра болса Асхат Еркімбайдың біраз «жамағаты» жазба жариялап тұрады екен. Амандық болса, уордпресске қайта оралатын күн алыс емес секілді. «Іске сәт!» деп қойыңыздар!

Қос өкпесі сырылдап…

Бүгін уордпрес ашылып тұр екен. (Айлар өтіп кеткен еді, бас сұқпағалы) қос өкпесі қырылдап-сырылдап барып әрең ашылды. жарты сағтай күттім. әйтеуір ашылды. Бірақ ештеңе жазғым келмеді…