Биологиялық қару…

434_2526056c100ff09f5ae2d479f9a563c6Мына қызықты қараңыз: Батыс ғалымдары сүндеттеудің пайдасы туралы ғаламат жаңалық ашып жатыр. Айтуларынша дер кезінде үшкіртіп алған насыбай көптеген инфекциялық аурулардан сақтайды екен. Тіптен Америка мен Австралия педиатрлары тізе қосып, ел үкіметіне 99 түрлі екпемен қатар насыбай кесуді міндеттеу туралы хат тапсырыпты деген сыбыс бар. Брайан Моррис атты бір профессордың сүндетке отырғызылмаған балалардың тең жартысы түрлі инфекциялық ауруға шалдығады деген оқыс мәлімдемесі бір аптадан бері батыс басылымдарында «хит» болып тұр. Оқуды жалғастыру

Advertisements

ДОШАЕВҚА «ДО СВИДАНИЯ!» ДЕГЕН КІМ?

ерген дошаев_3Үкімет құрылымындағы ауыс-түйістер әлі де жалғасып жатыр. Көптен бері Президенттен сын естіп, ұнжырғасы түсіп жүрген Болат Жәмішев күтпеген жерден ат ауыстырып, өңірлерге аттанды. Ол Қаржы министрлігінен босап, Өңірлік дамыту министрлігінің тізгінін ұстады. Оның орнына (Қаржы министрлігі) бұған дейін Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып қызмет атқарған Бақыт Сұлтанов келіп жайғасты. Ал Өңірлерді дамыту министрлігі мен Премьер-министрдің бірінші орынбасары секілді қос қызметті қоса атқарып келген Бақытжан Сағынтаев Үкімет басшысы Серік Ахметовтің оң қолы болып қалды. Оқуды жалғастыру

Челах туралы «ертегіні» Прокуратура жалғастырды

Арқанкерген бекетіндегі қайғылы жағдайға байланысты пікірлер мен жорамалдар сан-саққа жүгіріп тұр. Нақты бір түйін жоқ, құдды бір көмескі елес секілді. Құзырлы органдар да елдің басын қатырып бітті. Күні кеше ғана «қаза тапқан шекарашылардың қанынан алкоголь табылған жоқ», – деп мәлім еткен әскерилер  артынша «алкоголь ғана емес, есірткі де бар сияқты», – деп қосып қойды. Кеше «тірі қалған шекарашы өзі келіп берілді» деген дерек араға күн салып барып, «Ол ұсталды» деп түзетілді. Кеше «Бізде дедовщина жоқ, жау сырттан келген…», бүгін – «бұл ішкі қақтығыс!» Кеше «неден өлгендері белгісіз», бүгін – «бәрін атып өлтірген!» Тұнып тұрған қайшылық… Оқуды жалғастыру

ҚР ҰҚК шекара қызметкерлерінің өлімі туралы деректі растады

Алматы облысындағы шекара заставасында 15 жауынгердің өлі денесі табылды деген деректі  ҚР ҰҚК комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Әмрин растап отыр.  «Әзірге нақты қаза болғандар бар ма, жоқ па, ол жағы белгісіз екендігін айтты. «Біз төтенше жағдай болғаны жөнінде ақпарат алдық. Оқиғаның салдарынан қаза болған адамдар болуы мүмкін деген қаупіміз бар. Әзірге нақты қаза болғандардың санын айта алмаймын. Тек түрлі қауесеттер ғана бар. Тергеу жұмыстары басталып кетті. Тергеу тобының құрамына барлық құқық қорғау органдарының өкілдері кірді. Қосымша ақпараттар болса хабарлайтын боламыз», –  дейді Ғұсман Әмрин.

Алматы облысындағы шекара заставасында 15 жауынгердің өлі денесі табылды

Алматы облысындағы шекара заставасында әскери қызметкерлердің өлтірілгені туралы алып-қашпа дерек расқа айналды. БАҚ беттерінде әзірдің өзінде Алматы облысындағы «Горный» шекара заставасында шекара әскерлерінің 15 әскери қызметкерінің мәйіттері табылғаны және  олардың арасында 1 офицер, келісімшарт бойынша 3 жауынгер және 11 сарбаз бар деген ақпараттар тарап жатыр. Оқуды жалғастыру

Байланыс неге қымбат, министр мырза?!


Үкімет сағатында халық қалаулыларының алдына шығып, халықтың 100 пайыздан астамы ұялы байланыспен қамтылғанын айтып мақтана қоймақ болған Көлік және коммуникация министрі  Мәжіліс депутаты Сейітсұлтан Әйімбетов «ұятқа» қалдырды. 

Жұмағалиев мырза қолтықтай келген «Инфо-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту нәтижелері туралы» заң жобасына қосымша баяндама жасаған  Әйімбетов: «Статистикалық деректерге  жүгінбей-ақ, біз  халықтың 100 пайыздан астамының ұялы байланыспен қамтылғанын  мақтанышпен айта аламыз. Әрине,  бұл зор жетістік. Алайда соңғы екі жылда тарифтер бағасының арзандағанымен,  байланыс құны өсіп келеді. Мәселен, 2010 жылы  бағаның орташа  өсімі 2008 жылмен салыстырғанда  7,6 пайызды құраған. Ал қызмет көрсету сапасы сын көтермейді», – дейді Мәжіліс депутаты. Оқуды жалғастыру

әз-Наурыз құтты болсын немесе түйе – он екі жылдың жиынтығы туралы аңыз


Атам қазақ әрбір жылға ат қойып, айдар тағып, әрбір жылдың өзіндік ерекшелігіне қарап, түйін жасағанын жақсы білеміз. «Тышқан жылы – тыныштық, Сиыр жылы – сыйлық, Барыс жылы – бірлік, Қоян жылы – қамбалы болады деп түсінсе, Ұлу жылын – үлгінің, Жылан жылы мен жылқыны жайлылықтың, Қой жылын – құттың бастауы деп есептеген. Сондай-ақ, көп жағдайда қазақ халқына адам айтқысыз қиындықтар (аштық, жұт, соғыс) алып келсе де, үмітін үзбей мешін жылын – мерейлі жыл, тауықты – табыстың,  ит жылын – игілік,  доңыз жылын – дүние  деп атап кеткен бабаларымыз санаулы күндерден кейін ұлу жылының табалдырығын аттағалы отыр. Оқуды жалғастыру